Descargar Imprimir esta página

Hilti C 53 Manual De Instrucciones página 154

Ocultar thumbs Ver también para C 53:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 30
1. Дәнекерлеу құрылғысындағы және зарядтағыш құрылғыдағы түйіспелердің таза әрі құрғақ
екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Зарядтағыш кабельді зарядтағыш құрылғыға және дәнекерлеу құрылғысына жалғаңыз.
3. Желілік кабельдің желілік ашасын розеткаға салыңыз.
▶ Зарядтағыш құрылғыдағы желі индикаторы және зарядтау индикаторы тұрақты жанып тұрады.
▶ Дәнекерлеу құрылғысындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы жыпылықтап,
сегменттер ағымдағы заряд деңгейін көрсетеді.
4. Аккумуляторды жылдамырақ зарядтағыңыз келсе, жылдам зарядтау түймесін басыңыз.
▶ Зарядтағыш құрылғыдағы желі индикаторы және жылдам зарядтау индикаторы тұрақты жанып
тұрады.
▶ Дәнекерлеу құрылғысындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы жыпылықтап,
сегменттер ағымдағы заряд деңгейін көрсетеді.
Жылдам зарядтау режимін өшіру үшін жылдам зарядтау түймесін қайта басыңыз.
5. Аккумулятор толық зарядталғаннан кейін, зарядтағыш құрылғы күту режиміне автоматты түрде
ауысады.
▶ Зарядтағыш құрылғыда желі индикаторы және толық зарядталған күй индикаторы тұрақты
жанып тұрады. Дәнекерлеу құрылғысында аккумулятор заряды деңгейі индикаторының барлық
сегменттері жанып тұрады.
6. Содан кейін желілік ашаны розеткадан суырып, зарядтағыш құрылғы мен дәнекерлеу құрылғысының
байланысын ажыратыңыз.
6
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша және/немесе зарядтағыш кабель енгізіліп тұрған кезде, күтім және
техникалық қызмет көрсету ауыр жарақат алуға және күйіп қалуға апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын әрдайым барлық
кабельдерді ажыратыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
7
Тасымалдау және сақтау
▶ Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
▶ Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз.
150
Қазақ
2302421
*2302421*

Publicidad

loading