– Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр
құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру
үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі.
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге
электр құралына арналған Bosch Toolbox қолданбасымен
келесі қосылым функциялары қолжетімді:
– Тіркеу
– Favorite жұмыс режимін дербестеу (қуат және әрекет)
– Құрал параметрлері (мысалы, шаңсорғыштың жұмыс
уақыты, жұмыс шамы параметрі)
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Смартфон белгісі (28), электр құралы Bluetooth® радио
технологиясы арқылы ақырғы мобильді құрылғыға
ақпарат (мысалы, температура туралы ескерту)
жібергенде жанады.
Өзара байланыс функциясын ажырату
Bluetooth® Low Energy Module модулі қосылған
u
электр құралы радио интерфейспен жабдықталған.
Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы,
ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Нұсқау: қақпақты (15) Bluetooth® Low Energy Module
модулі және түймелі элемент электр құралында
орналасқанда ғана берік жабуға болады.
– Bluetooth® Low Energy Module модулін ажырату үшін
түймелі элементті айналдырыңыз немесе
оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth® Low
Energy Module модулінің арасында орнатыңыз.
– Лас кірмеуі үшін қақпақты (15) жауып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (M суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (21) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (19) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (20)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (21) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз.
Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы
бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
Bosch Power Tools
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control)
электр құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда
пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі
бойынша кездейсоқ және күтілмеген
ретте айналса, электр құралы өшеді,
жылдам өшіру индикаторы қызыл
түспен жанады және жұмыс шамы (18)
жыпылықтайды. Жылдам өшіру
функциясы қосылып тұрғанда, күй
индикаторы (29) қызыл түспен
жыпылықтайды.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (12) жіберіп,
қайта басыңыз.
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді
азайтады.
Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
u
пайдаланушы болмаңыз.
Енгізу құралын енгізу (N суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш
(38)аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек болады.
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту
орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту сақасын
(битасын) салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын
қондырма сақаларды пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін (5) артқа
жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты (38) құрал
ұстағыштан алыңыз.
Электр құралын ілу (O суретін қараңыз)
Ілгек (13) электр құралын арнайы ілгіш аспапқа бекітуге
мүмкіндік береді.
– Бекіткішті босату үшін ілгекті (13) тұтқа бағытында
(11) сәл басыңыз. Ілгек өздігінен артқа жылжиды.
– Ілгекті бір жағына қарай бұраңыз.
– Ілгекте (13) зақымдалған немесе деформацияланған
жерлердің бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Зақымдалған, деформацияланған немесе электр
Қазақ | 243
1 609 92A 6J5 | (03.03.2023)