Ескертпе: Қысқыш тұтқыштың 46.1 бос жүрісі болуы
керек, өйткені оны эргономикалық және жай сақтайтын
күйге бұрау мүмкін болуы керек.
Қысқыш тұтқыш тартылған жағдайда қорғауыш қалпақтың
тұтқасын тартып, керекті күйге бұрап қайта бастырып
қойыңыз.
Үстел ұзартқышын орнату (d суретін қараңыз)
Орнату үшін „Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағын 43
пайдаланыңыз. (2 бекіткіш бұранда, 2 аралық шеңбер, 1
айыр тәрізді кілт)
– Үстел ұзартқышын 10 бағыттауыш таяқтармен 24 бұрап
қойыңыз.
Үстел ұзартқышының тесіктері жоғарыға көрсетуі керек.
Параллельді тіреуішті орнату (е суретін қараңыз)
Параллельді тіреуішті 8 ара дискісінің сол немесе оң
жағында орналастыру мүмкін.
– Параллельді тіреуштің 8 қысқыш тұтқасын 47
босатыңыз.
Осылай V-бағыттауышы 48 босатылады.
– Алдымен параллельді тіреуішті V-бағыттауышымен
аралау үстелінің бағыттауыш ойығына 30 салыңыз.
Сосын параллельді тіреуішті аралау үстелінің алғы
бағыттауыш ойығына 35 орналастырыңыз.
Параллельді тіреуішті енді кез келген бағытта жылжыту
мүмкін.
– Параллельді тіреуішті бекіту үшін қысқыш тұтқаны 47
төменге басыңыз.
Қосымша параллельді тіреуіш (f суретін қараңыз)
Жіңішке дайындамаларды аралауда және вертикалды
еңіс бұрыштарын аралауда қосымша тіреуішті 49
параллельді тіреуіште 8 орнату керек.
Қосымша параллельді тіреуіш қалаған жағдайда
параллельді тіреуіштің 8 сол немес оң жағына орнатылуы
мүмкін.
Орнату үшін „Қосымша параллельді тіреуіш" бекіткіш
жинағын 39 пайдаланыңыз. (3 бекіткіш бұранда, 3 аралық
шеңбер, 3 қатпарлы сомын)
– Бекіткіш бұрандаларды параллельді тіреуіш 8 жан
тесіктеріне салыңыз.
Бұрандалар бастары онда қосымша параллельді
тіреуіш үшін бағыттауыш ретінде қызмет етеді.
– Қосымша параллельді тіреуішті 49 бекіткіш
бұрандалардың бастарынан жылжытыңыз.
– Аралық шеңберлерді бекіткіш бұрандаларға қойып
бұрандаларды қатпарлы сомындар көмегімен тартып
қойыңыз.
Бұрышты тіреуішті орнату
(g1–g2 суреттерін қараңыз)
– Бағыттауышты 50 бұрышты тіреуіште 3 аралау
үстелінің арнайы бағыттауыш ойықтарына 9 апарыңыз.
Ескертпе: Бұрыштық тіреуіштің күйін сол жақтық
бағыттауыш ойықта домалатпа бұранданы 51 тартып
жылжыма бөлшекте бекіту мүмкін.
Ұзын дайындамаларды жақсырақ орнату үшін бұрыштық
тіреуішті 34 профильдік тіреуіштермен кеңейту мүмкін.
– Керек болса, профильдік тіреуішті 52 бекіткіш жинақ
көмегімен бұрыштық тіреуішке орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату (h суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 16 ойықтары көмектеседі.
Bosch жұмыс үстелінде орнату (i суретін қараңыз)
Bosch (мысалы GTA 60 W, GTA 6000) жұмыс үстелдері
биіктігі өзгеретін аяқтар арқылы кез келген табанда электр
құралын бекіте алады.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын тазалаңыз
(j суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаларды
алып қою үшін төменгі ара дискісінің қаптамасын 54 ашу
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Электр құралды жанына аударыңыз.
Қaзақша | 271
1 609 92A 15S | (29.1.15)