OBJ_BUCH-1870-006.book Page 120 Wednesday, July 30, 2014 8:42 AM
120 | Қазақша
қызметкерлері немесе осы жұмыстарды өткізу үшін
лайықты білімі бар тұлғалар арқылы өткізуіңіз керек.
Кабель ашасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз.
Электрбұйыммен жұмыс істеп жүргеніңізде кабель
ашасын тартып шығармаңыз.
Тоқ беру жүйесіне қосу кабелі немесе біріктіруші
кабелінің үстінен басып жүрмеңіз, оны жаншып
кетпеңіз немесе оны ұстап тартпаңыз - кабелдің
зақымданып және бұзылып кетуі мүмкін. Кабелді
ыстықтан, майлы және өткір бұрыштардан қорғаңыз.
Электрбұйымның желі кабелі немесе жоғары қысым
шлангі, бүріккіш атқышы сияқты маңызды бөлшектері,
немесе қауіпсіздік жүйе бөлшектері зақымданып
бұзылған қалыпта болғанда электрбұйымды
қолданбаңыз.
Назар аударыңыз: Нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларға сай болмаған біріктіргіш кабелдер қауіп
тұдыра алады.
Ұзарту кабелін қолданғанда электр тоқ розеткалары
мен біріктіру бөлшектерінің су өткізбейтін болуы керек.
Ұзарту кабелінде өткізгіштің көлденең қимасы қолдану
нұсқаулығында берілген мәліметтерге сай бар болып,
шашылып тұратын суға қарсы қауіпсіздендірілуі қажет.
Ашаның біріктіргіш қосылуы суда жатпау тиіс.
Электр тоқ беру жүйесіне қосу кабеліндегі немесе
біріктіргіш кабеліндегі ашаны ауыстырғанда оның
шашылатын судан қорғау қабілетінің және
механикалық тұрақтылығының сақталуы тиіс.
Су беру жүйесіне қосу
Өзіңіздің сумен камтамасыз ету мекемеңіздің
ережелері мен нұсқауларына назар аударыңыз.
Бүкіл қосу шлангтерін бұрандалармен бекітуі тығыз
болуы керек.
Диаметрі 12,7 мм (1/2") болған күшейтілген шлангісін
ғана қолданыңыз.
Электрбұйымды ешқашан кері тетіксіз су беру жүйесіне
қосуға болмайды. Кері тетігі арқылы ағып шыққан су
ішу үшін жарамсыз болады.
Жоғары қысым шлангі зақымданып бұзылған қалыпта
болмауы тиіс (жарылып бөлініп кету қауіп).
Зақымдалып бұзылған жоғары қысым шлангісін дереу
ауыстыруыңыз керек. Тек қана шығарушы тарапынан
ұсынылған шлангтер мен біріктіру бөлшектерін
қолдануға болады.
Жоғары қысым шлангтер, арматура мен біріктірушілер
электрбұйым қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тек қана
шығарушы тарапынан ұсынылған шлангтерін,
арматура мен біріктірушілерді қолданыңыз.
Су беру жүйесіне қосу үшін тек қана таза немесе
фильтрмен тазартылған суды қолдануға болады.
Қолдану
Электрбұйымды қолдану алдынан оның жұмысқа
лайықты қалыпта болуын және жұмыс қауіпсіздігін
тексеру керек. Лайықсыз қалыпта болғанында оны
қолдануға болмайды.
F 016 L70 993 | (30.7.14)
Су ағымын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға
қарай, киім немесе аяқ киімге бағыттамаңыз.
Бүріккіш буларының жанып кету, жарылу және улау
қауібі өте жоғары болу себебінен құрамында еріткіш
заттар бар сұйықтық, араластырылмаған қышқыл,
ацетон немесе еріткіш бұйымдарын, оның ішінде
бензин, бояу сұйылтқышын және жылыту үшін сұйық
майларын сорып тартқызуға болмайды.
Электрбұйымды қауіпті аймақтарда қолданғанда
(мысалы жанармай құю жерлерінде) лайықты
қауіпсіздік нұсқауларын қолдану керек. Жарылу қауібі
бар бөлмелерде қолдануға болмайды.
Электрбұйым тұрақты тірек үстінен қойылую тиіс.
Тек қана электрбұйым шығарушы тарапынан
ұсынылған тазалау бұйымдарын қолданыңыз және
шығарушының қолдану, кәдеге жарату және ескерту
нұсқауларына назар аударыңыз.
Жұмыс аймағында болған электр тоғын өткізетін
бөлшектерінің бәрі шашылатын суға қарсы қорғалуы тиіс.
Бүріккіш атқыштын іске қосу тұтқышы жұмыс
барысында «ON» позициясында бекітіліп қалмауы
керек.
Шашылатын суға қарсы қорғайтын арнайы лайықты
киім киіп жүруіңіз керек. Лайықты қорғау киімін киіп
жүрмеген адамдардың жанында электрбұйымды
қолданбаңыз.
Керек болса, заттардан кері келетін су, бөлшектер
және/немесе аэрозольдардан қорғану үшін қорғаныс
көзәйнек, шанға қарсы маска және т.б. сияқты,
шашылатын суға қарсы лайықты арнайы қорғау
жабдығын (PSA) киіп жүріңіз.
Жоғары қысым арқылы заттардың кері атып кетілулері
мүмкін. Керек болса, арнайы лайықты жеке қорғану
жабдығын киіп жүріңіз, мысала қорғау көзәйнегін.
Жоғары қысым ағымы арқылы зақымдауларды
болдырмау үшін көлік шиналарын/түтіктерін тек қана
ең азында 30 см ұзақтықтан тазалаңыз. Осының ең
алғашқы белгісі болып шина түсінің өзгерілуі көрінеді.
Зақымданып бұзылған көлік шиналары/түтіктері өмірге
қауіп тұдыра алады.
Құрамында асбест және басқа да денсаулыққа зиян
тигізетін материалдар бар заттарды бүріктіруге
болмайды.
Ұсынылған тазалау бұйымдары араластырмай
қолданбаңыз. Құрамына қышқылдар, сілті немесе
қоршаған ортаға зиян келтіретін заттар
қосылмағандықтан осы тазалау бұйымдар қауіпсіз
болып саналады. Тазалау бұйымдарын балалар қолы
жетпес жерде сақтауыңызды ұсынамыз. Тазалау
бұйымның көзге тиіп қалғанында көзді дереу сумен
жуып, тазалау бұйымын жұтып қалғанда дереу
дәрігермен хабарласуыңыз қажет.
Жоғары қысым тазалағышын ешқашан фильтрсіз, кір
фильтрмен немесе зақымданып бұзылған фильтрмен
қолданбаңыз. Жоғары қысым тазалағышын фильтрсіз
немесе кір не зақымданып бұзылған фильтрмен
қолданғанда кепілдеменің күші жоғалады.
Bosch Power Tools