Descargar Imprimir esta página

Kärcher SC 2 Deluxe EasyFix Premium Manual Del Usuario página 136

Ocultar thumbs Ver también para SC 2 Deluxe EasyFix Premium:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 29
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдық зақымдарға
əкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға төзімділігі мен
əсерін білінбейтін жерде будың аз мөлшерімен
тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың
немесе күтім көрсетуге арналған эмульсиялардың
қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтар пайда
болуына əкелуі мүмкін, ол қайта өңдеген кезде
жойылады.
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады. Қатты
ластанған жерлерде будың ұзақ əрекет етуі үшін
мұқият жұмыс істеңіз.
1. Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен
байланыстырыңыз.
Сурет I
2. Еденге арналған қондырманы ұзартқыш түтікке
кигізіңіз.
Сурет J
3. Еденге арналған қондырмаға майлықты бекітіңіз.
a Еденге арналған майлықты еденге жабысатын
жолақтарын жоғары қаратып қойыңыз.
b Еденге арналған қондырманы майлыққа
қойып, жеңіл қысыңыз.
Сурет K
Еденге арналған майлық жабыстыру бекіткішіне
өздігінен бекітіледі.
Еденге арналған майлықты алыңыз
1. Аяққа арналған сүйеуішке еденге арналған
майлықты қойып, еденге арналған қондырманы
жоғары көтеріңіз.
Сурет K
Нұсқау
Ең басында еденге арналған шүберектің бекітпе
таспасы əлі жеткілікті түрде жақсы ұсталады
жəне еден қондырмасынан əрең ажыратылады.
Көп рет қолданған жəне жуған соң, шүберек еден
қондырмасынан жақсы шешіледі, оңтайлы бекіту
күшіне қол жеткізілген.
Еден қондырмасын тұраққа қою
1. Жұмыстағы үзілістер кезінде еден қондырмасын
тұраққа қою тұтқышына қойыңыз.
Сурет N
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
Бу қазанындағы қақты тазалау
Нұсқау
Сатылымда бар дистилденген суды тұрақты
пайдалансаңыз, бу генераторынан қақты жоюды
қажет етпейді.
Нұсқау
Құралға əк шөгінділері жиналатындықтан, бу
генераторының толу мөлшеріне қарай кестеде
көрсетілгендей құралды тазартуға кеңес береміз
(KF = бу генераторының толуы).
136
Қаттылық
ауқымы
I
жұмсақ
II
орташа
III
қатты
IV
өте қатты
Нұсқау
Су шаруашылығы басқармасы немесе
муниципалитеттер су құбыры суының
қаттылығы туралы ақпарат береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Қақты еріткіштердің сезімтал бетке кері əсер
етуі мүмкін.
Құрылғыны толтыру жəне босату жұмыстарын
мұқият орындаңыз.
1. Құрылғыны өшіріңіз, Құрылғыны өшіру бөлімін
қараңыз.
2. Құрылғыны суытыңыз.
3. Сақтандырғыш қақпақты бұрап ашыңыз.
4. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет P
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Аспаптың қақты жоюға арналған құралмен
зақымдалуы
Қақты жоюға сəйкес келмейтін құрал мен оны
қате мөлшерлеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
KÄRCHER қақты жоюға арналған құралын ғана
қолданыңыз.
1,0 л суға қақты кетіруге арналған құралдың 2
мөлшерлеу бірлігін пайдаланыңыз.
5. Қақты жоюға арналған құралды қаптамадағы
нұсқаулыққа сəйкес қолданыңыз.
6. Қақты жоюға арналған құралды бу генераторына
құйыңыз. Бу генераторын жаппаңыз.
7. Қақты жоюға арналған құралдың ерітіндісін 8
сағатқа қалдырыңыз.
8. Қақты жоюға арналған құрал ерітіндісін бу
генераторынан толығымен ағызыңыз.
9. Қажет болса процедураны қайталаңыз.
10. Қақты жоюға арналған ерітіндінің барлық
қалдығын жою үшін, бу генераторын 2-3 рет
салқын сумен жуыңыз.
11. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет P
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Микрофазадан жасалған майлық кептіргіште
кептіруге арналмаған.
Нұсқау
Майлықтарды жуған кезде жапсырмадағы жуу
шарттары көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.
Майлықтар ласты жақсы сіңіре алуы үшін, жұмсақ
шайғышты пайдаланбаңыз.
1. Еденге арналған майлықтар мен қаптарын кір
жуғыш машинада ең көбі 60 °C-пен жуыңыз.
Қазақша
°dH
ммоль/л
0-7
0-1,3
7-14
1,3-2,5
14-21
2,5-3,8
>21
>3,8
KF
55
45
35
25

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Sc 2 deluxe easyfix4054278331591