Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын
l
зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе
лас орталарда немесе магниттік өрістердің жанында
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері
l
құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына
және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр
l
розеткасынан және құрылғыдан ажыратыңыз.
Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар
l
сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті,
мұнай базасы немесе химиялық зауыт)
пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе
тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда
пайдалану жарылу немесе өрт қаупін арттырады.
Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды
l
жергілікті ережелерге сәйкес жойыңыз. Оларды
қалыпты тұрмыстық қоқыспен жоюға болмайды.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа
немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына
l
кедергі келтіретінін анықтау үшін, дәрігерге және
құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері
l
орнатқан ережелерді немесе нормаларды
орындаңыз.
Бұл құрылғыда кірістірілген батарея бар. Батареяны
l
өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз. Әйтпесе,
құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі немесе ол батареяны
зақымдауы мүмкін. Сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін
және құрылғыңыз дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін Huawei өкілетті қызмет орталығына оны
ауыстыру үшін хабарласуға кеңес беріледі.
Жарылуы мүмкін орта
Жарылуы мүмкін ортада құрылғыны өшіріңіз және
барлық белгілер мен нұсқауларды орындаңыз. Әдетте,
жарылуы мүмкін орталарға автокөлік қозғалтқышын
өшіруге кеңес берілетін аумақтар кіреді. Осындай
аумақтарда ұшқынды тұтандыру жарылуға немесе
өртке, нәтижесінде дене жарақатына немесе тіпті
өлімге әкелуі мүмкін. Жанармай станциялары сияқты
орындарда құрылғыны қоспаңыз. Радио жабдығын
жанармай қоймаларында, үлестіру аумақтарында және
химия зауыттарында пайдалану шектеулерін сақтаңыз.
130