▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және
Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын
арнайы директиваларды ескеріңіз. → Бет 299
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға
болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нұс-
қауларды оқып шығыңыз.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім құрама құрал болып табылады. Ол ағаш дайындамаларды, пластик, гипс, түрлі-
түсті металдар мен бекіткіш элементтерді (мысалы, шыңдалған емес шегелер немесе қапсырмалар)
аралауға және кесуге арналған. Сондай-ақ ол жұмсақ қабырға плиткасын өңдеу және шағын беттерді
құрғақ әдіспен ажарлау және қырнау үшін жарамды. Ол жиектерге жақын және бір сызықта жұмыс
істеу үшін айрықша жарамды.
Өнім тек сусыз құрғақ әдіспен пайдалануға арналған.
•
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
•
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
3.3
Жеткізілім жинағы
Құрама құрал, бекіткіш манжета, параллель тірек, тереңдік шектегіші, ара төсемі, пайдалану бойынша
нұсқаулық
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
*2381015*
@
;
=
%
&
(
)
+
§
/
:
∙
$
£
|
¡
Q
2381015
Қыспа иінтірек
Қосқыш/ажыратқыш
Тұтқа
Жылдамдық деңгейлерін реттеу түймелері
Керек-жарақтарға арналған монтаждық
саңылау
Аккумулятор
Жұмыс орнын жарықтандыру (жарық
диоды)
Аспап мойны
Құрал бекіткіші / қысқыш қалыптар
Параллель тірек
Тереңдік шектегіші
Ара төсемі
Бекіткіш бұранда
Бекіткіш манжета
Қысқыш бұранда
Аккумуляторды құлыптан босату түймесі
Аккумулятордың күй индикаторы
Қазақ
291