Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GWS 880 Manual Original página 171

Ocultar thumbs Ver también para Professional GWS 880:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
OBJ_BUCH-3022-001.book Page 171 Tuesday, August 22, 2017 11:29 AM
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
 Құрылғыны тек оқшауланған тұтқалардан 20 және
қосымша тұтқадан 3 ұстаңыз. Алмалы-салмалы
аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз желі
кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию металды
құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі
мүмкін.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 2 алға
жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 2 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 2
алды төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 2 жіберіп
немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 2 қысқа
артында төмен басып сосын жіберіңіз.
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 2 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
"Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
Bosch Power Tools
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
 Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Сыдырып тегістеу
 Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 13
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Қaзақша | 171
Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
1 609 92A 3FT | (22.8.17)

Publicidad

loading