Descargar Imprimir esta página

Bosch 06008B8001 Manual Original página 252

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
OBJ_BUCH-3472-001.book Page 252 Thursday, December 21, 2017 4:11 PM
252 | Қaзақша
– Қызыл түсті шынжыр керу шығыршығын 13 лайықты
шынжыр керу деңгейі орнатылғанша дейін сағат тілі
бағытымен, бекітіп отыра, бұрыңыз. Тоқтатқыш
механизмі арқасында шынжыр керуінің босатылып
қалуына жол берілмейді. Шынжыр керу шығыршығын
13 бұру қиын болған жағдайда бөгеткіш түймешігін 14
сағат тіліне қарсы бағытымен әріғарай бұрып
босатуыңыз керек. Бөгеткіш түймешігі 14 шынжыр
керу шығыршығы 13 реттеліп орнатылған жағдайда,
онымен бірге айнала алады.
– Ара шынжыры 12 ортада шамамен 5–10 мм
көтеріңкірелгенде дұрыс орнатылды деп саналады. Бұл
әрекет бір қолмен ара шынжырын шынжырлы араның
өз салмағына қарсы жоғарыға қарай тарту арқылы
өткізілуі лазым.
– Егер ара шынжыры 12 тым қатты тартылған болса,
шынжырды тарту шеңберін 13 сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
– Шынжырлы ара 12 керілген қалыпта болған жағдайда,
шапқыны 11 бөгеткіш түймешігін 14 сағат тілі
бағытымен бұру арқылы бекітіп қоя аласыз. Осы әрекет
барысында ешбір аспап-құрылғыларды
пайдаланбаңыз.
Ара шынжырын майлау
(D суретін қараңыз)
Ескертпе: Шынжырлы ара шынжырлық аралар үшін
арналған адгезивтік майымен (сату көлемі)
толтырылмаған қалыпта сатылады. Сондықтан құралды
қолдану алдынан оны осы маймен толтыру өте маңызды.
Шынжырлы араны ол үшін арналған адгезивтік майсыз
немесе осы майдың деңгейі минималдық көрсеткіш
белгісінің деңгейінен төмен болған жағдайда қолдану
шынжырлы араның зақымдануына апара алуы мүмкін.
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші 21 арқылы іске қосып қолданған
уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен 4
лайықты төсем үстінен жоғарыға қаратып қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының 4 айналасын шүберекпен
тазалап алып, қақпағын бұрап шығарып алыңыз.
– Май резервуарын биологиялық тұрғыда Бош
компаниясының бөлшектеніп ажарай алатын ара
шынжыры үшін арналған жабысқақ майымен май
деңгейі «max» деп май деңгейін көрсеткішінде 7
көрсетілген белгіге жеткенінше дейін толтырыңыз.
– Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз. Май резервуарының қақпағын 4 қайта
бұрып жабыңыз.
– Алдын ала ішіне майды сорғылап тарту үшін
шынжырлы араны 30 секунд бойы іске қосып қойыңыз.
F 016 L81 719 | (21.12.17)
Ескертпе: Май резервуарын желдету үшін май
резервуары бітеуші шағын ауа каналдарымен
жабдықталған. Майдың ағып шығуын болдырмау үшін
шынжырлы араны, оны қолданбаған уақытта әрқашан май
резервуары бітеушін 4 жоғарыға қарай қаратып көлбеу
түрде қоюыңыз лазым.
Ескертпе: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажарай алатын шынжырлы аралар үшін арналған майлау
заттарын (RAL-UZ 48 ережелеріне сай) қолданыңыз.
Ешқашан қайта өнделген майларды немесе ескі майларды
қолданбаңыз. Рұқсат етілмеген майларды қолданған
жағдайларда бұйым үшін берілетін кепілдеме күші
жоғалатын болады.
Ескертпе: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
азайып кетеді.
Пайдалану
Аккумуляторды орнату
Қуаттандырылған аккумуляторды 17 енгізіңіз.
Аккумулятор толығымен енгізіліп салынғанын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Шынжырлы араны «Шынжырлы арамен жұмыс істеу»
тарауда көрсетілгендей ұстаңыз.
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 3 басып кейін қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қосуға
қарсы оқшаулау пернесін босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Шынжырлы ара іске қосылып қолданылу үшін
жарамды қалыпта ма?
– Май резервуары маймен толтырылды ма? Май
дәрежесінің көрсеткішін жұмысты бастау алдында
және әрдайым жұмыс барысында тексеріңіз. Май
дәрежесі көрсеткіш терезесіндегі ең төменгі белгіге
жетіп қалса, резервуарға май құйыңыз. Толтырылған
май жұмыс барысында үзіліс жасауға және жұмыс
қарқындылығына қарай отыра шамамен 15 минутқа
жетеді.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Universalchain 18