Descargar Imprimir esta página

Philips HR2753/53 Manual Del Usuario página 28

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 16
28
ҚазаҚша
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
-
Моторды суға батыруға және ағын сумен шаюға болмайды.
Ескерту.
-
Құралды ток көзіне қоспас бұрын, төменгі жағында көрсетілген кернеу мөлшері қосылатын
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
-
Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымдалған болса, құралды
қолданбаңыз.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
Ескерту.
-
Құралды әрдайым тегіс тұрақты бетке қойыңыз.
-
Цитрусты сығатын бөлшекті тоқтаусыз 10 минуттан артық қолдануға болмайды.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
-
Philips арнайы ұсынған болмаса, Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы
құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі
өз күшін жояды.
-
Шу деңгейі: Lc= 55 dB [A]
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
Кеңес. Құралды алғаш қолданарда, конусын, торын және тор ұстағышын тазалаңыз
( «Тазалау» тармағын қараңыз)
1
Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.
2
Егер қажет болса, артық тоқ сымын құралдың түбіндегі шарыққа орап қойыңыз. Дұрыстап
бекітіп қою үшін, тоқ сымды құралдың артындағы ашық тесікшеге қаттылап
итеріңіз (Cурет 1).
3
Құралды тегіс, тұрақты жерге қойыңыз, балалардың қолы жетпейтін болсын.

Publicidad

loading