Descargar Imprimir esta página

Bosch GNF 35 CA Manual Original página 162

Ocultar thumbs Ver también para GNF 35 CA:

Publicidad

OBJ_BUCH-1725-002.book Page 162 Friday, August 26, 2016 3:12 PM
162 | Қaзақша
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсору келте құбырын 11 аспирациялық келте
құбырына 10 салып, шаңсору шлангіне 12 қосыңыз.
Сорғыш шлангін 12 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Ойық кескіш пайдалану туралы ескертулер
Жұмыс уақытында болатын шаңды шығаруды азайту үшін
келесі сақтық шараларын қолданыңыз.
– Тек Bosch ұсынған ойық кескіш пен М шаң
сыныпындағы шаңсорғыш комбинациясын
пайдаланыңыз. Басқа тіркесімдер шаңды жинаудың
нашарлауына және шаңның жиналуына әкелуі мүмкін.
– Шаңсорғыштың техникалық қызмет көрсету және
шаңсорғыш пен сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларын
орындаңыз. Толы болса, шаңжинағыштарды бірден
тазалаңыз. Жүйелі түрде шаңсорғыштағы сүзгіні
тазалаңыз және шаңсорғышта сүзгіні әрқашан
дұрыстап орнатыңыз.
– Тек қамтамасыз етілетін Bosch сору шлангтарын
пайдаланыңыз. Сору шлангысын ашпаңыз. Егер
вакуумдық шлангқа тас сынықтары кірсе, жұмысты
бірден тоқтатыңыз және сору шлангысын тазалаңыз.
Сору шлангысының майысуларын болдырмаңыз.
– Ойық кескішін тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
– Тек мінсіз және өткір алмалы-салмалы аспаптарды
пайдаланыңыз. Жұмыс тиімділігінің төмендеуі алмалы-
салмалы аспаптың тозғанының белгісі болады.
– Құрылыс алаңдарындағы жұмысқа қойылатын жалпы
талаптарды орындаңыз.
– Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
– Еркін жұмыс аймағын қамтамасыз етіңіз. Ұзақ ойықтар
кезінде шаңсорғыш еркін қозғалуы немесе уақытылы
қозғалуы керек.
– Қажет болса, есту органдарын қорғау құралдарын,
қорғағыш көзілдірікті, респираторларды, қолғапты
киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнын тазалау үшін сәйкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Бұрылыстарда жиналған шаңды
көтермеңіз.
Қорғаныш қаптамасын реттеу
Қорғағыш қаптаманы 8 шектелген күйде реттеуге болады.
Цангалық қысқышты 14 босатып, қорғағыш қаптаманы 8
жұмыс жағдайына сай бұраңыз. 13 бұрандасының
жылжымауына көз жеткізіңіз.
Сосын қорғағыш қаптаманы 8 цангалық қысқышпен 14
қайта бекітіңіз.
1 609 92A 2PN | (26.8.16)
Қосымша тұтқаны орнату
Қосымша тұтқаны 4 жұмыс әдісіне байланысты оңға
немесе солға қарай қосымша тұтқа ұстағышына бұрап
бекітіңіз.
Қосымша тұтқа ұстағышын бекіту бұрандасын 6
босатқаннан соң 30° қадамда жұмыс күйіне лайықтау
мүмкін.
Бекіту бұрандасын 6 бұрауда қосымша тұтқа
ұстағышының төрт бекіту істіктері қорғағыш қаптаманың 8
тесіктерінде болуын қамтамасыз етіңіз.
Алмасты кесу шеңберлерін орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Алмасты тегістеу шеңберлерін орнату мен
алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады.
 Асмасты тегістеу шеңберлері жұмыс істеуде
қызады, әбден суығанша оған тимеңіз.
 Алмасты тегістеу шеңберін пайдаланыңыз.
Бұнақты алмасты шеңберлер тек теріс кесу
бұрышымен бұнақ арасында 10 мм максималды
ойықтық болуы керек.
Элект құралды шетке қойып, кесу тереңдігі шкаласы 2
көрінетін етіңіз.
Цангалық қысқышты 9 босатып, ең кіші кесу тереңдігін
реттеңіз.
Қысу құралдарын шешу (А суретін қараңыз)
Тегістеу шпинделін 7 бекіту үшін шпиндельді бекіту
түймесін басыңыз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Қысқыш сомынды 19 20 екі тесікті кілтімен босатып 19
қысқыш сомынды бұрап шешіңіз. 18 дистанциялық
шайбасы мен 16 тірек фланецін шешіңіз.
Тегістеу шпинделін 15 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Ойық енін анықтау
Ойық енін 18 дистанциялық шайба санынан екі 17 алмас
шеңберлер арасында және алмас кесу шеңберінің кесу
енінен есептеуге болады.
Ойық енін төмендегідей есептеу мүмкін:
Ойық ені = Дистанциялық шайба қалындығы + Алмасты
кесу шеңберлердің ені.
Рұқсат етілген ойық ені „Техникалық мәліметтер"
бөлімінде көру мүмкін.
Электр құралын бір немесе екі алмас кесу шеңберімен
пайдалану мүмкін.
Қысу аспаптарын орнату (А суретін қараңыз)
Қысу фланецін 16 15 ажарлау шпинделіне орнатыңыз.
Қысу фланеці айналу ұстағышымен ажарлау шпинделінде
дұрыс тұруы керек.
Алмасты кесу шеңбері 17 мен 18 дистанциялық
шайбаларды 16 қысу фланеціне орнатыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gnf 65 a professional