Descargar Imprimir esta página

Bosch GNB 18V-38 Professional Manual Original página 206

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 36
206 | Қазақ
Қорапты босату:
– Қорап қалқанындағы (14) түймені (15) басып, оны
қорап саңылауына қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Қорапты, шеге таспасы (22) қорап саңылауынан
сырғып шыға алатындай айналдырыңыз.
Түйіспе элементін шығару/алмастыру
(C суретін қараңыз)
Түйіспе элементін (17) тазалау немесе алмастыру
мақсатында шығарып алуға болады.
Аккумуляторды (10) шығарып алыңыз. Қорапты (12)
босатып, шығарыңыз.
Түйіспе элементінің құлыптан босату тұтқасын (16)
тартып, содан кейін түйіспе элементін (17) электр
құралынан тартып шығарыңыз.
Тазаланған немесе жаңа түйіспе элементін (17) электр
құралына тірелгенше кіргізіңіз.
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін пайдаланушы интерфейсіндегі
қосу/өшіру түймесін (1), пайдаланушы интерфейсі
жанғанша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (1)
қайтадан басыңыз.
Электр құралы пайдаланылмаған кезде, 30 минуттан
кейін автоматты түрде өшіп қалады.
Астыңғы беттің жарамдылығын тексеру
Электр құралын шегелермен жабдықтау немесе бекіту
алдында астыңғы беттің жарамдылығын тексеріңіз.
Астыңғы бет тегіс және қалдықтардан таза болуы керек.
Астыңғы бет материалының қаттылығын тексеру үшін
шегені кернер ретінде пайдаланыңыз. Оны балғамен
қатты қағу арқылы материалға кіргізіңіз. Нәтижені
тексеріңіз:
– Шеге ұшы дөкір: астыңғы бет тым қатты және
жарамсыз, шеге секіріп кетуі мүмкін.
– Материал жарылады немесе бөлінеді: астыңғы бет тым
сынғыш және жарамсыз. Бөліктер өзіңізге немесе
басқа адамдарға тиюі немесе шеге астыңғы бетке
толықтай кіріп кетуі мүмкін.
– Шеге балғамен қағылған кезде астыңғы бетке батып
кетеді: астыңғы бет тым жұмсақ және жарамсыз, шеге
астыңғы бетке толықтай кіріп кетуі мүмкін.
– Шеге астыңғы бетте азғантай қуыс қалдырады:
астыңғы бет бекіту үшін жарамды.
Қағу процесін іске қосу
– Электр құралын қосыңыз.
– Іске қосу құрылғысын (6) құлыптан босату үшін
құлыптан босату ажыратқышын (5) солға басыңыз
(D суретін қараңыз).
1 609 92A 75W | (10.01.2023)
– Электр құралын тұтқасынан (7) берік ұстап
тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.
– Түйіспе элементін (17) астыңғы бетке тірелгенше
басыңыз.
Түйіспе элементі басылғанда, жұмыс шамы (19)
жанып, жағымсыз жарық жағдайларында жұмыс
орнын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
– Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт
басыңыз да, жіберіңіз. Бұл ретте шеге астыңғы бетке
қағып қондырылады.
– Нұсқау: іске қосу құрылғысын (6) түйіспе
элементін (17) басқаннан кейін 2 секунд ішінде басу
қажет. Кері жағдайда электр құралы бекітілген күйге
ауысып, қағу процесін жаңадан іске қосу қажет
болады.
– Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын астыңғы
беттен толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге
берік орнатып қойыңыз.
– Жұмыс үзілістерінде және жұмыс соңында іске қосу
құрылғысын (6) бекітіңіз, ол үшін құлыптан босату
ажыратқышын (5) оңға қарай басыңыз (D суретін
қараңыз).
Нұсқау: түйіспе элементі (17) толықтай басылмаған
немесе іске қосу құрылғысы (6) қағу процестерінің
арасында жіберілмеген кезде, сақтандырғыш іске
қосылуға жол бермейді.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу
құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық
бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын
тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын
дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді
орындамаңыз. Электр құралының бөлшектерін
бөлшектемеңіз немесе бұғаттамаңыз. Жарамсыз
құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу" жұмыстарын
өткізбеңіз.
Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы
әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:
– соғу немесе ою,
– өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
– жерге құлату немесе жерде жылжыту,
– балға ретінде пайдалану,
– күш салып жұмыс істеудің кез келген әдісі.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде және жұмысты аяқтағаннан
кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды
шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading