168 | Қазақ
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (27) қысқыш винтті (26) ➋
бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм
құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (B суретін
қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін
бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі
35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа
жинағыш қорапты (28) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде
тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (29) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ілгекті монтаждау (F–G суреттерін қараңыз)
Қаптаманы (3) саңылаудан бұрауыштың көмегімен
бүйірінен ашыңыз.Ілгекті (30) монтаждап, екі
бұрандамен бекітіңіз. Бұрандаларды 1,8−2 Нм тарту
моментімен бұрап бекітіңіз. Ілгекті (30) қайыруға
болады.
1 609 92A 74Z | (11.05.2022)
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (7) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (15) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (15) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (7) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (7) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (7) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш
иінтіректі (9) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз.
Қажетті өлшемді шкалада (8) орнатыңыз. Цангалық
қысқышты (9) берік бекемдеңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (20) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
Кесік белгісі (12) тік
бұрышпен аралау кезіндегі
ара төсемінің позициясын
көрсетеді.
45
0
Дұрыс кесік жасау үшін
дискілік араны суретте
көрсетілгендей
дайындамаға қаратып
орнатыңыз. Сынақ кесік
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Bosch Power Tools