Descargar Imprimir esta página

Bosch AdvancedLevel 360 Manual Original página 175

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 34
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (E–G суреттерін қараңыз)
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеген кезде, күй индикаторы (3) жанбауы
тиіс. Қажет болса, еңіс функциясының түймесін (2) басу арқылы нивелирлеу
автоматикасын күй индикаторы сөнетіндей етіп қайта басыңыз.
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте (7) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс
емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет
көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауыған болса, лазер сәулелері
жыпылықтай бастайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
±4° өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
мүмкін емес, себебі кері жағдайда лазер сәулелерінің нивелирлеу дәлдігі де, лазер
сәулелерінің арасындағы дұрыс бұрыш та қамтамасыз етілмейді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты
ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып
қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін
негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу (H суретін қараңыз)
Еңіс функциясымен жұмыс істеу үшін еңіс функциясының түймесін (2) басыңыз.
Еңіс функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (3) жасыл түспен жанып
тұрады.
Еңіс функциясымен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшірулі
болады. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер
сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың
u
ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың
ені қашықтықпен өзгереді.
Bosch Power Tools
Қазақ | 175
1 609 92A 541 | (11.11.2019)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

3 603 f63 b