116 | Қазақ
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр
құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды (6) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (5) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан төменге қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Құралды алмастыру (B суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына (1) жылжытып, бекіту
төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрау үшін тек (13) (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы
бар қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа
қондырма биталарды (12) (11) шарлық ысырмасы бар
әмбебап бита ұстағышы арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты алып тастаңыз.
1 609 92A 4JH | (24.11.2020)
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (6) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше
басыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып
тұрыңыз.
Жарық диоды (3) қосу/өшіру қосқышы (8) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Аккумулятордың заряд деңгейі индикаторы
Аккумулятордың заряд деңгейі индикаторы (9) бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған ажыратқыш (8)
Bosch Power Tools