Descargar Imprimir esta página

Imetec D2401 Instrucciones De Uso página 51

Plancha para pelo

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 13
Шаш түзулегішті пайдалану әдісін жылдам түсіну шашта қажет әсерге жету үшін дәл
қолдану уақытын орнатуға мүмкіндік береді.
Шаштың құрғақ, таза және ешбір шаш спрейінің, шаш муссының немесе гелінің ізі
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Түйіндер болмауы үшін шашты тараңыз. Мәнерлеуді мойын желкесінен бастап,
бүйірлерде жалғастырыңыз және маңдайда аяқтаңыз.
Шаш түзулегішті пайдаланғанда, ол қызып немесе суып жатқанда, тегіс және қызуға
төзімде бетке қойыңыз.
Шашты түзулеу кезінде тақталарды беттің сезімтал бөліктеріне, құлақтарға, мойынға
немесе теріге тым жақын әкелмеңіз.
Аяқтағанда түзулегішті ары алу алдында толығымен салқындатыңыз.
ШАШТЫ ДАЙЫНДАУ
Шашты әдеттегідей жуыңыз және түйіндерді кетіру үшін тараңыз.
Шашты кептіріңіз және түбірлерінен ұштарына қарай щеткалаңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Қуат сымын (6) желіге қосыңыз.
Қосқышты (2) ҚОСУЛЫ күйіне қойыңыз. Жұмыс ЖШД (5) жанады;
Температураны реттеу дөңгелегін (4) бұрап, шаш түріне және қажет әсерге
байланысты 120°C және 200 °C арасында қажет температураны орнатыңыз;
температураны дөңгелекті (4) сағат тілінің бойымен (температураны арттыру үшін)
немесе сағат тіліне кері (температураны азайту үшін) бұру арқылы реттеуге болады.
Тақтамен ені бірдей шаштың жұқа бұрымын алып, екі тақта арасында орналастырыңыз.
Шаш бұрымын бір қолмен керіп ұстап, екінші қолмен жабық тақтаны түбірлерден
ұштарға қарай сырғытыңыз.
Шашты мәнерлеуді аяқтағаннан кейін құрылғыны өшіріңіз. Қосқышты (2) ӨШІРУЛІ
күйіне орнатыңыз және шаш түзулегішті қуат розеткасынан суырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түзулеу кезінде бу пайда болуы мүмкін; бұл шаштағы буланып жатқан
артық ылғалдылық.
Қосқышты (2) ӨШІРУЛІ күйіне орнатыңыз және шаш түзулегішті қуат розеткасынан
суырыңыз.
Қыздыру тақталарының (1) салқындауын күтіңіз.
Қыздыру тақталарының бетін (1) және тұтқаны (3) жұмсақ, ылғалды шүберекпен
тазалаңыз:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғыны қайта пайдалану алдында барлық
тазаланған бөліктер толығымен кепкенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: шаш түзулегішті пайдалануды аяқтағанда салу алдында оның
толығымен суығанын тексеріңіз. Ешқашан қуатпен қамту сымын (6)
құрылғыға орамаңыз.
Өнім қайта өңделетін материалдарға оралған. Оны қоршаған ортаны қорғау
стандарттарына сай лақтырыңыз.
Өмір циклының соңында құрылғыны 2002/96/EC ЕО стандартының ережелеріне
сай лақтыру керек. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтатын құрылғыдағы пайдалы
заттарды қайта өңдеуге қатысты. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қоқыс жинау
мекемесіне немесе құрылғы дилеріне хабарласыңыз.
Жөндеуді сұрау немесе қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру үшін IMETEC өкілетті
тұтынушылара сервистік орталығына тегін нөміріне немесе веб-сайт арқылы хабарласыңыз.
Құрылғы өндіруші кепілдігімен қамтылған. Мәліметтер алу үшін тіркелген кепілдік
парағын оқыңыз. Осы нұсқаулықта берілген пайдалану және техникалық қызмет көрсету
туралы нұсқауларды сақтамау өндіруші кепілдігінің күшін жояды.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
ПАЙДАЛАНУ
ТАЗАЛАУ
ӨНІМДІ САҚТАУ ЖӘНЕ КҮТУ
ЛАҚТЫРУ
КӨМЕК ЖӘНЕ КЕПІЛДІК
49

Publicidad

loading