Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 601 B19 000 Manual Original página 210

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 41
210 | Қазақ
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Ол үшін пайдалану нұсқаулығының
басындағы жинақ құрамының
сипаттамасын қараңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара дискісі орнатылған панельдік ара
– Бұрандалы қысқыш (7)
– Бекіткіш жинағы бар аралау үстелінің ұзартқышы (3)
(2 x қысқыш бұранда (2), тарту сақтандырғышы
ретіндегі 2 x крест ойықты бұранда)
– Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (35)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер
кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Аралау үстелінің ұзартқыштарын монтаждау
(A суретін қараңыз)
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (3)
көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын (3) аралау
үстеліндегі саңылаулар арқылы шегіне дейін өткізіңіз.
1 609 92A 7NC | (26.04.2022)
– Электр құралын жинақтағы екі крест ойықты бұранда
тарту сақтандырғышы ретінде орнатылатындай етіп
аударыңыз.
Крест ойықты бұрандаларды аралау үстелінің
ұзартқыштарындағы (3) арнайы ирек оймаға бұрап
кіргізіңіз және крест ойықты бұрауышпен (35) тартып
қойыңыз.
– Электр құралын кері аударып, қысқыш бұрандаларды
(2) аралау үстелінің ұзартқыштарын (3) бекіту үшін
аралау үстеліндегі (22) арнайы ирек оймаға бұрап
кіргізіңіз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (B1 суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін (1) тесіктері көмектеседі.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (B2 суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышты орнату керек.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
u
тұрмай, максималдық горизонтальды және/
немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Құлаудан сақтауды (27) электр құрал жұмыс
аймағында тура тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
Bosch Power Tools

Publicidad

loading