ҚАҚ ПАЙДА БОЛУЫНА ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ
Қақтың пайда болуына қарсы кірістірілген
картридж бумен үтіктеу кезінде қақ түзілуін
азайтуға арналған. Бұл үтіктің қызмет ету
мерзімін ұзартады. Дегенмен қаққа қарсы
картридж табиғи қақтың түзілу процесін
толығымен тоқтата алмайтынын ескеріңіз.
СУ АҒЫП КЕТУІНЕ ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ
Су ағып кетуіне қарсы жүйе судың бу
камерасына түсуіне және үтік температурасы
тым төмен болғанда, оның үтік табанынан ағып
кетуіне жол бермейді.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Бұл өнім сапаны сынау процесінен өткен.
Осы процестің нәтижесінде құрылғыда
қалдық судың бір-екі тамшысы қалған болуы
мүмкін.
• Үтіктен және табаннан заттаңбалардың,
жапсырмалардың және қаптамалардың
барлығын алып тастаңыз.
• Егер алғашқыда үтіктен аздап түтін шықса,
оған алаңдамаңыз. Бұл бірнеше рет
қолданғаннан кейін тоқтайды.
• Табанды тазалау үшін мақтадан жасалған
ескі матаның бір бөлігін үтіктеңіз.
ҚОЛДАНУ
ДАЙЫНДАУ
Жуылған киімдерде мата күтімі белгілерінің
(
) бар-жоғын тексеріп, оларды
сұрыптаңыз.
Алдымен төмен температураны
, содан
кейін орташа температураны
және
соңында жоғары температураны
қажет
ететін матадан жасалған киімдерді үтіктеңіз.
СУ ТОЛТЫРУ
Үтікті краннан аққан сумен қолдануға
болады, ал судың қаттылық деңгейі жоғары
аймақта тұрсаңыз, тазартылған немесе
минералсыздандырылған суды пайдалануыңыз
керек. Үтікті химиялық жолмен тазартылған
сумен немесе басқа сұйықтықтармен
толтырмаңыз. Суға ештеңе қоспаңыз, себебі бұл
үтікті зақымдауы мүмкін.
• Құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына және салқындағанына көз
жеткізіңіз.
• Температура реттегішін MIN/OFF күйіне, ал
бу реттегішті "бусыз" күйге орнатыңыз. (
)
• Қақпақты ашып, суды құйғыш ыдыспен су
толтыру тесігіне құйыңыз. Шамадан тыс
толтырмаңыз.
• Қақпақты жауып, шашыраған су
қалдықтарын сүртіп тастаңыз.
ІСКЕ ҚОСУ
• Үтікті тігінен қойып, қуат сымын розеткаға
қосыңыз.
• Температура реттегішті мата үшін лайықты
температураға орнатыңыз.
• Қыздыру кезінде индикатор жанады.
• Үтік белгіленген температураға жеткенде,
индикатор сөнеді. Одан кейін термостат
белгіленген температураны ұстап
тұратындықтан, ол бір қосылып, бір өшіп
тұрады.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Матадағы затбелгі
орнату
Төменгі температура (синтетика,
нейлон, акрил, полиэстер)
Орташа температура
(жүн, полиэстер қоспалары)
Жоғарғы температура
/ MAX
(мақта, зығыр)
Үтіктемеңіз
Ескертпе: егер мата жапсырмасындағы
нұсқаулар осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқа болса, жапсырмадағы нұсқауларды
орындаңыз.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Буды пайдаланғыңыз келсе, оны тек жоғары
үтіктеу температурасында қолдануға болады.
• Температура реттегішті
күйіне жақын
етіп немесе максимумға орнатыңыз.
• Бу реттегішті "бумен" күйіне орнатыңыз.
( / )
• Индикатор шам сөнгенше күтіңіз, содан кейін
үтіктеуді бастаңыз.
SPRAY
Су бүркі функциясын кез келген
уақытта пайдалануға болады, ол үтіктеу
температурасына әсер етпейді.
• Үтікті матадан көтеріңіз.
• Үтіктің алдыңғы жағындағы бүріккіш
тұмсықты матаға бағыттаңыз.
• Бүрку түймесін басыңыз. (Суды жүйеден сору
үшін бірнеше рет басу қажет болуы мүмкін).
82
БУ ЫТҚЫТУ
Бұл функция қатпарланған қыртыстарды кетіру
үшін буды көп мөлшерде шығарады.
Бу ытқыту функциясын пайдаланғыңыз келсе,
оны тек жоғары үтіктеу температурасында
қолданыңыз.
• Үтікті матадан көтеріңіз.
• Бу ытқыту түймесін басыңыз. (Суды жүйеден
сору үшін бірнеше рет басу қажет болуы
мүмкін).
• Бу қайта жиналуы үшін келесі бу ытқытуға
дейін бірнеше секунд күтіңіз.
• Бу ытқыту түймесін белгілі бір уақыт
аралықтарында басу арқылы матаны тігінен
үтіктеуге болады. Бұл әсіресе перделерді,
ілулі киімдерді және т.б. үтіктегенде
пайдалы.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
• Бу реттегішті "бусыз" күйіне орнатыңыз. (
• Температура реттегішті киім түріне сәйкес
келетін параметрге қойыңыз.
• Индикатор шам сөнгенше күтіңіз, содан кейін
үтіктеуді бастаңыз.
ПАЙДАЛАНУДАН КЕЙІН
• Температура реттегішті минимумға (OFF)
орнатыңыз.
• Бу реттегішті "бусыз" күйіне орнатыңыз. (
• Үтікті тігінен қойып, оны розеткадан
ажыратыңыз.
• Оны толығымен суытыңыз.
• Қақпақты ашып, резервуардағы қалған суды
шұңғылшаға төгіп тастаңыз.
• "ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ" бөліміне өтіңіз
ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАЛАУ
Қақтың пайда болуына жол бермеу үшін өзін-өзі
тазалау функциясын айына бір рет қолданып
отырыңыз. Тұратын жеріңіздегі судың қаттылық
деңгейі өте жоғары болса, өзін-өзі тазалау
функциясын жиі қолданыңыз.
• Табаннан аққан суды жинау үшін
шұңғылшаны немесе үлкен бір ыдысты
пайдалану қажет болады.
• Құрылғының желіден ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• Бу реттегішті "бусыз" күйіне орнатыңыз. (
• Резервуарды максималды деңгейге дейін
толтырыңыз.
• Үтікті тігінен қойып, қуат сымын розеткаға
қосыңыз.
• Үтіктеудің ең жоғары температурасын
таңдаңыз.
• Индикатор шам сөнгенше күтіңіз.
• Үтікті шұңғылшаның немесе бір ыдыстың
үстіне табанын төмен қаратып ұстап
тұрыңыз.
• Өзін-өзі тазалау түймесін басып тұрып, үтікті
ақырын алға-артқа жылжытыңыз. Табаннан
бу мен су шығады. Кір-қоқыстар мен қақ
үлпектері шайылып шығады.
• Осы әрекетті су ыдысы босағанша
жалғастырыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
• Тазалардан бұрын құрылғыны әрқашан қуат
көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны немесе қуат сымын ешқашан
суға салушы болмаңыз. Электрлік
бөлшектерді суға тигізбеңіз.
• Құрылғының корпусын дымқыл шүберекпен
)
тазалаңыз, содан кейін оны құрғатыңыз.
• Табандағы шөгінділер мен басқа
қалдықтарды азған сірке суымен кетіруге
болады.
• Табанды тазарту үшін абразивті заттарды
қолданбаңыз!
• Үтікті әрқашан тік қалпында сақтаңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен
)
жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
)
83