OBJ_BUCH-2920-001.book Page 158 Thursday, July 14, 2016 8:44 AM
158 | Қaзақша
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Құлақты бұранданы 17 босатыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін электр құралын тірек тақтадан 7 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін электр құралын тірек тақтаға 7 басыңыз.
Аралау тереңдігінің шкаласы 18 бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Қалақты бұрғыны 17 берік бекітіңіз.
Кесік тереңдігін реттеуде 31 негізгі белгіні кесік тереңдігі
шкаласының 18 шетінде пайдаланыңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 13 бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Құлақты бұранданы 10 босатыңыз. Араны бұраңыз.
Аралау тереңдігінің шкаласында 9 қажет мәнді
орнатыңыз. Құлақты бұрғыны 10 қайта берік бекітіңіз.
Қисаю бұрышын реттеуде 27 негізгі белгісін
пайдаланыңыз (ұстағыш жоғарғы қыры).
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 18 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
0° аралау бұрышының белгісі 12 тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° 11 аралау
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін
көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 1 алдынан электр құралының
тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл сызық
көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық тұтқаға
салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 3 басып кейін қосқыш/өшіргішті 4 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 4
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 4
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
1 609 92A 2CZ | (14.7.16)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара
полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Температураны бақылау/артқы жүктеу қорғанысы
индикаторы
Қызыл жарық диодтық көрсеткіш 16 акуумуляторды
қызып кетуден және қозғалтқышты артық жүктеуден
қорғауда көмектеседі.
Жарық диодтық көрсеткіш 16 үздіксіз қызыл жанса,
акуумулятор температурасы тым жоғары болып электр
құралы автоматты ретте өшеді.
– Электр құралды өшіріңіз.
– Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды
суытыңыз.
Жарық диодтық көрсеткіш 16 қызыл түсте
жыпылықтаса, электр құралы блокталған болып
автоматты өшеді.
Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы жұмысын
жалғастырады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
LED жұмыс жарықтығын қосу
Шырақ 26 косқыш/өшіргішті 4 жай немесе толық
басылқанда жанып жетерлік болмаған жарықтық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Bosch Power Tools