Descargar Imprimir esta página

Hilti PC 2-22 Manual De Instrucciones Original página 316

Ocultar thumbs Ver también para PC 2-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 59
Өнімді өшіру
3. Ажыратқышты жіберіңіз.
▶ Сорғы мен су берілуі тоқтап қалады.
Өнімді шамамен қату температурасында немесе одан төмен температурада сақтау кезінде
өнім мен барлық беру желілерінен су қалдығын кетіріңіз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
7.1
Сорғыш сүзгіні тазалау
1. Сорғыш сүзгіні сорғыш шлангіден бөлшектеңіз.
2. Муфтаны сорғыш сүзгіден бұрап алыңыз.
3. Тығыздауыш сақинаны сорғыш сүзгіден алып тастаңыз.
4. Екі ұстағыш элементті бір-бірінен жазыңыз.
5. Електі сорғыш сүзгіден алып тастаңыз.
6. Бөлек бөлшектерді ағынды су астында тазалаңыз.
7. Електі және сорғыш сүзгінің ішін шағын қылшақпен тазалаңыз.
8. Сорғыш сүзгіні құрастырыңыз.
310
Қазақ
7
2404922
*2404922*

Publicidad

loading