Descargar Imprimir esta página

Gorenje SVC216FS Manual De Instrucciones página 32

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 46
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАЗ
Ескертулер
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз:
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа
сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын,
қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс жасап тұрған
аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз
және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты
өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған,
зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз.
// Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. //
Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың
саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио
кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен
нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және
физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына
арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және
психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін
жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның
қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты
дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана
осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды
қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа
жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және
оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
Қауіптілік
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа
батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Маңызды ескертулер
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар
алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз. // Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер - аспабыңыздың моделіне
байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. // Зарядтау базасы (немесе
адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек
түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. // Адаптерге трансформатор кірістірілген.
Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті
жағдайға алып келуі мүмкін. // Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің
және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде
адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса,
моделіне байланысты). // Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. // Аспапты
сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. // Ауа шығаруға
арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. //
Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. // Сору
32

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Svc180fwSvc216fgdSvc144fbkSvc216fr