278 | Қазақ
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде болады. Көлденең жұмыс
режимі (6) және тік жұмыс режимі (5) түймелерінің көмегімен көлденең және тік
лазер сызықтарын бір-бірінен тәуелсіз қосып өшіруге болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті
бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама ұстағышқа (13) немесе
штативке (23) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/өшіргішті (2) "
On"
күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс
емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет
көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам
жыпылықтайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты
ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі
нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (2) " On" күйіне
жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (8) қызыл түспен жанып тұрады және
лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы
өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
1 609 92A 7LU | (29.04.2022)
Bosch Power Tools