Descargar Imprimir esta página

Kärcher LMO 5-18 Dual Manual Del Usuario página 226

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
Подписващите лица действат от името и като
пълномощници на управителния орган.
Пълномощник по документацията:
S. Reiser
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
71364 Winnenden (Germany)
Тел.: +49 7195 14-0
Факс: +49 7195 14-2212
Виненден, 2024/03/01
Мазмұны
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар ...... 226
Мақсатына сəйкес қолдану ............................... 230
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 230
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 230
Жеткізілім жинағы .............................................. 231
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 231
Құрылғының сипаттамасы................................. 231
Орнату ................................................................ 231
Пайдалануға енгізу ............................................ 231
Пайдалану .......................................................... 232
Тасымалдау........................................................ 233
Сақтау ................................................................. 233
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 233
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 234
Техникалық мағлұматтар .................................. 234
Кепілдік ............................................................... 234
ЕО стандарттарына сəйкестігі туралы
декларация......................................................... 234
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас бұрын,
осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын, осы
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын,
аккумулятор жинағына қоса берілетін
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын жəне қауіпсіздік
туралы нұсқаулығын жəне қоса берілетін
түпнұсқалық аккумулятор жинағын/стандартты
зарядтау құрылғысын пайдалану нұсқауларын
оқыңыз. Кейіннен əрекет етіңіз. Буклеттерді кейінірек
пайдалану үшін немесе кейінгі иелері үшін ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік
техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын
алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
226
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Электр құралдарының қауіпсіздігі туралы
ЕСКЕРТУ
● Осы электр құралымен бірге келген барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
иллюстрацияларды жəне техникалық
сипаттамаларды оқыңыз.
Төмендегі барлық нұсқауларды орындамау
электр тоғының соғуына, өртке жəне/немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін. Кейінірек
пайдалану үшін барлық ескертулер мен
нұсқауларды сақтаңыз.
Ескертулердегі «электр құралы» термині желіде
жұмыс істейтін электр құралын (сыммен) немесе
батареямен жұмыс істейтін электр құралын
(сымсыз) білдіреді.
1
Жұмыс аймағының қауіпсіздігі
a Жұмыс аймағын таза жəне жақсы
жарықтандырылған күйде ұстаңыз.
Жиналмаған немесе қараңғы жерлер
жазатайым оқиғаларды тудырады.
b Электр құралдарын жарылғыш ортада,
мысалы, жанғыш сұйықтықтар, газдар
немесе шаң болған кезде қолданбаңыз.
Электр құралдары шаңды немесе
түтіндерді тұтатуы мүмкін ұшқындар
жасайды.
c Электр құралымен жұмыс істеу кезінде
балалар мен бөгде адамдарды алыс
ұстаңыз. Алаңдату əрекеттері сіздің
бақылауды жоғалтуыңызға əкелуі мүмкін.
2
Электр қауіпсіздігі
a Электр құралының ашалары розеткаға
сəйкес келуі керек. Ашаларды ешбір
жағдайда өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын
жерге тұйықталған (жерге қосылған) электр
құралдарымен қолданбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сəйкес
розеткалар электр тоғының соғу қаупін
азайтады.
b Құбырлар, радиаторлар, пештер жəне
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған
немесе жерге қосылған беттермен дененің
жанасуын болдырмаңыз. Егер денеңіз
жерге тұйықталған немесе жерге қосылған
бетпен жанасса, электр тоғының соғу қаупі
артады.
c Электр құралдарын жаңбырға немесе
ылғалға ұшыратпаңыз. Электр құралына
судың түсуі электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
d Сымды теріс пайдаланбаңыз. Электр
құралын тасымалдау, тарту немесе электр
желісінен ажырату үшін ешқашан сымды
пайдаланбаңыз. Сымды жылу көздерінен,
майдан, өткір жиектерден немесе
қозғалатын бөліктерден алыс ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасып қалған
сымдар электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
e Ашық ауада электр құралымен жұмыс
істегенде, сыртта пайдалануға жарамды
ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Сыртта
Қазақша
жалпы нұсқаулар

Publicidad

loading