Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 27-230 PR Professional Manual Original página 222

Ocultar thumbs Ver también para GWS 27-230 PR Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 42
222 | Қазақ
Қорғағыш қаптаманы (33) оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (34)/(16) бекіткіш
бұрандамен ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (33)
қысқыш иінтірекпен ажарлауға арналған қорғаныш
қаптама (6) сияқты монтаждалады.
Кесу үшін әрдайым кесуге арналған қорғаныш
u
қаптаманы (34)/(16) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қамтаманы (33)/(6) кесуге арналған
қаптамамен (27) бірге пайдаланыңыз.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (27) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (6)/(33) монтаждаңыз (A/D суретін
қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы
(27) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6)/(33)
кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (6)/(33)
қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B/E суретін қараңыз) иінтіректі кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (27) қорғаныш қаптамадан
(6)/(33) тартып алыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптаманы
(21)/(35) шпиндель мойнына орнатыңыз. Сорғыш
қаптаманың (21)/(35) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай реттеңіз. Сорғыш қаптаманы (21)/(35)
бекіткіш бұранданың көмегімен бекітіңіз. Бағыттауыш
ойықтары бар сорғыш қаптамаға (21)/(35) жарамды
Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш
шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы
кіріс келте құбырына жалғаңыз.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (23) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/
алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын (22) киіп жүріңіз.
Қол қорғанысын (22) қосымша тұтқамен (4)/(31)
бекітіңіз.
Стандарты қосымша тұтқа/діріл басқыш қосымша
тұтқа
Қосымша тұтқаны (4)/(31) жұмыс тәсіліне байланысты
редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап
бекітіңіз.
Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз: (4)/(31).
Қосымша тұтқа (4)/(31) зақымдалған жағдайда,
u
электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз.
Қосымша тұтқаға (4)/(31) ешқандай өзгерістер
жасамаңыз.
1 609 92A 8TU | (02.05.2024)
Діріл басқыш қосымша тұтқа (31)
дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (19) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кескіш дискілерді пайдаланғанда алмас кескіш
дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Нұсқау: байланыстырылған ажарлағыш және кескіш
дискілерді жеткізілім жиынтығындағы тірек
фланецінің (10) және қысқыш гайканың (14) немесе
жылдам қысқыш гайканың (15) көмегімен монтаждаған
кезде аралық төсемдерді пайдалану қажет емес.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін тығыздауыш
сақинасы бар тірек фланецін (10) ажарлау
шпинделіне (19) орнатып, қысқыш гайканы (14) бұрап
бекітіңіз. Пайдаланылатын ажарлағыш/кескіш дискіге
қарай (пайдалану бойынша нұсқаулықтың алдыңғы
бөлігіндегі суреттерді қараңыз) қысқыш гайканың (14)
бағытына назар аударыңыз және оларды екі саңылаулы
кілтпен (қараңыз „Жылдам қысқыш гайка
Бет 223) тартыңыз.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
u
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Тірек фланецінде (10), ортаға
келтіру буылтығының айналасында
пластие бөлшек (тығыздауыш
сақина) орнатылған. Тығыздауыш
сақина жоқ немесе зақымдалған
болса, тірек фланецін (10) ары
қарай пайдаланбай тұрып, міндетті
түрде ауыстыру керек.
",
Bosch Power Tools

Publicidad

loading