Descargar Imprimir esta página

Bosch 0615990L3C Manual Original página 139

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
OBJ_BUCH-2456-002.book Page 139 Friday, September 30, 2016 11:57 AM
Бұранданы бұрау
GSR 14,4 V-EC, GSR 18 V-EC:
Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама
реттегішін 3 "Бұрау" белгісіне бұраңыз.
GSB 14,4 V-EC, GSB 18 V-EC:
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 4
"Бұрау" белгісіне реттеңіз.
Перфоратормен жұмыс істеу(GSB 14,4 V-
EC, GSB 18 V-EC)
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 4
"перфораторлық бұрғылау" белгісіне
реттеңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 14 басып
тұрыңыз.
Жарық диоды 10 косқыш/өшіргішті 14 жартылай немесе
толық басылғанда жанып жетерлік жарықтық жағдайында
бұрап кіргізу жайын жарықтандырады.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 14 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 14 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін орнату сақинасының 3 көмегімен 20
деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Реттелген бұрау моменті жетілгенде электр
құралы тоқтайды.
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышынын 5 тоқтауда
немесе жұмыс істеп тұрған электр құралында
қозғалту мүмкін. Бірақ оны толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында қылу мүмкін
емес.
1-жылдамдық
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрлерімен
жұмыс істеу үшін.
2-жылдамдық
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
бұрғылау үшін.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Қатты жүктелуде немесе рұқсат етілген
аккумулятор температурасының аймағынан артып кетсе
айналмдар саны төменделеді. Электр құралы аккумулятор
рұқсат етілген температураға жеткеннен соң толық
айналымдар санымен жұмыс істейді.
Температураға байланысты артық жүктелу қорғанысы
жарық диодтың 11 қызыл түсте электр құралында жануы
арқылы көрсетіледі. Жарық диодтың 11 өшкені,
Bosch Power Tools
құрылғының ұйғарынды аккумулятор температурасы
аймағына жеткенін көрсетеді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Жылдам өшіру
Жылдам өшіру электр құралының дұрыс басқарылуына
мүмкіндік береді. Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр
құралы бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
 Жылдам өшу тек электр құралдын максималды
жұмыстық айналымдар санымен жұмыс істеп
бұрғылау машинасының осінде еркін айналғанда
ғана жұмыс істеуі мүмкін. Ол үшін сәйкес күйді
таңдаңыз. Әйтпесе жылдам өшіру қосылмайды.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұрауыш биталарын немесе әмбебап бита ұстағышын
алып тастау үшін көмек сайманды пайдалануға болады.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен 7 мысалы, электр құралын қайысқа
асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып, электр
құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Түсті қысқыш (D суретін қараңыз)
Түсті қысқышпен 6 электр құралды жеке ретте белгілеу
мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
Қазақша | 139
1 609 92A 33A | (30.9.16)

Publicidad

loading