70 | Қазақ
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Аккумуляторлық фонарьлар үшін
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулық
Барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді оқып
шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен
ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап
қойыңыз.
Аккумуляторлық шамды ұқыпты пайдаланыңыз.
u
Аккумуляторлық шам қатты жылу шығарады және
қоршаған ортадан салқын ауа қажет етеді. Үстінен
жабылған аккумуляторлық шам тұтануы немесе басқа
1 609 92A 9JG | (07.03.2024)
заттарды тұтандыруы мүмкін. Нәтижесінде өрт орын
алады.
Аккумуляторды тасымалдау және сақтау үшін
u
аккумуляторлық шамнан шығарып алыңыз. Жарық
ауыстырып-қосқышы қате қолданылған жағдайда,
қатты қызу және өрт қаупі туындайды.
Аккумуляторлық шамдың барлық
0,1 m
жарықтанған беттер мен заттарға дейін
минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық
жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ
уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық
сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін.
Жарық ағынын адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз. Жарық ағыны көру мүмкіндігіне
кедергі келтіріп, көзге зақым келтіруі мүмкін.
Аккумуляторлық шам автоматты түрде өшкеннен
u
кейін, жарық ауыстырып-қосқышын әрі қарай
баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
Аккумуляторлық шамды қайта қоспас бұрын
аккумулятордың зарядталғанына және
аккумуляторлық шамның суығанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
u
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
Bosch Power Tools