Дыбыс деңгейлері
A-салмақты дыбыс қуатының деңгейі 25 дБА
1 м-дегі A-салмақты дыбыс қысымының деңгейі 18 дБА
Тастау
Жергілікті ережелерге сай тастаңыз.
Сақтау жағдайлары
Температура: -20 °C және 60 °C аралығында
Салыстырмалы ылғалдылық: 15 - 95 %, конденсациясыз
8 Шектеулі кепілдік
Respironics, Inc. компаниясы осы маска жүйелері (оның ішінде, маска жақтауы және
жастықша) ("Өнім") өндіріс ақаулықтарының жоқ болуына және материалдарға
сатып алу күнінен бастап тоқсан (90) күн кезеңіне кепілдік береді ("Кепілдік кезеңі").
Егер Өнім Кепілдік мерзімі бойы пайдалану кезінде қалыпты жағдайларда жұмыс
істемесе және Өнім Respironics компаниясына Кепілдік мерзімінің ішінде қайтарылса,
Respironics компаниясы Өнімді ауыстырады. Бұл кепілдік табыстала алмайды және
Өнімнің бастапқы иесі үшін ғана жарамды. Жоғарыда көрсетілген ауыстыру жолы
аталған кепілдік шарттары бұзылған жағдайда жалғыз амал болып табылады.
Бұл кепілдік жазатайым оқиға, қате жолмен пайдалану, абайсыздық, өзгерту, Өнімді
қалыпты пайдалану жағдайларында және өнім нұсқаулығының шарттарына сай
пайдаланбау немесе қызмет көрсетпеу және материалдар не конструкцияға қатысты
емес басқа бұзылулардан туындайтын зақымдарды қамтымайды.
Бұл кепілдік Respironics компаниясынан басқа тараптың жөндеуінен немесе
өзгертуінен өткен Өнімдерге қатысты қолданылмайды. Respironics Өнімді сату
немесе пайдаланудан туындауы мүмкін экономикалық шығын, табыстан айрылу,
үстеме немесе жанама шығындар, кейінгі шығындар, ірі немесе ұсақ зақымдар үшін
жауапкершіліктен бас тартады. Кейбір юрисдикцияларда кездейсоқ немесе жанама
зақымдардың есептен шығарылуы не шектелуі рұқсат етілмеген, мұндай жағдайда
.
жоғарыдағы шектеулер не ерекше жағдайлар оған қатысты болмайды
БҰЛ КЕПІЛДІК БАРЛЫҚ БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ОРНЫНА БЕРІЛГЕН.
ОҒАН ҚОСА, КЕЗ КЕЛГЕН МІНДЕТТІ КЕПІЛДІКТЕН, СОНЫҢ ІШІНДЕ САТУ
ЖАРАМДЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ МАҚСАТТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ
КЕПІЛДІГІНЕН АРНАЙЫ ТҮРДЕ БАС ТАРТЫЛАДЫ. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА
САТУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛДІГІНЕН БАС ТАРТУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕГЕН,
МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАРЫДАҒЫ ШЕКТЕУЛЕР ОҒАН ҚАТЫСТЫ БОЛМАЙДЫ.
БҰЛ КЕПІЛДІК АРНАЙЫ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАР БЕРЕДІ ЖӘНЕ, СОНДАЙ-АҚ, АРНАЙЫ
ЮРИСДИКЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ҚҰҚЫҚТАРДЫ ДА ҚАМТУЫ МҮМКІН.
300