іске қосыңыз. Бензин булары
буланбағанша, оталдыратын əрекет
жасамаңыз (құрғақ шүберекпен сүртіп
жіберіңіз).
Ағып кеткен жанармайды əркез сүртіп
отырыңыз.
Егер бензин киімге тиіп кеткен болса,
киімді ауыстыру керек.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болса, жағармайы бар бакты
босату керек, бұл шара ашық ауада
жасалады.
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Тазалайтын жұмыстарды
істеген кезде, жұмыс
қолғаптарын киіңіз жəне ұзын
шашты жинап қойыңыз
(жаулық не бас киім киіңіз).
Шапқыш пышақты қайраған
кезде, қорғаныс көзілдірігін
кию керек.
Құралды қолданған кезде, тек
ұзын шалбар жəне қонымды киім киіңіз.
Ешқашан да қозғалмалы бөліктерге
(басқаратын тұтқыштар) тұрып қалатын
кең киімді кимеңіз, əшекейлерді,
галстуктарды жəне мойынорағыштарды
тақпаңыз.
0478 111 9938 A - KK
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Өткір жүздерден жəне ыстық
бөлшектерден зақымданбау үшін үнемі
қолғаппен жұмыс істеу керек.
Қозғалтқышы қосулы тұрған құрылғыны
тасымалдамаңыз. Тасымалдар
алдында қозғалтқышты сөндіріңіз,
пышақтың тоқтауын күтіңіз жəне
түйіспелі оталдыру білтесін суырып
алыңыз.
Қозғалтқыш суыған жəне жағармай багы
босатылған кезде ғана шапқышты
тасымалдаңыз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Жүктеу бетінде құрылғыны өлшемі
сəйкес бекіткіштермен (белдіктер,
жіптер жəне т.б.) нығайтыңыз.
Көтерген жəне тасыған кезде
көгалшапқышпен еш түйіспеңіз.
«Тасымалдау» бөлімінің тармақтарын
ұстаныңыз. Онда, көгалшапқышты
тасымалдаған кезде, оны қалай көтеріп
бекіту керектігі жайында жазылған.
(
13.)
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын жанармай жүйесінің бітеулігін
тексеріңіз, əсіресе жанармай багы,
жанармай багының қақпағы жəне шланг
байланыстары секілді бөліктерінде.
Жанармай ағып кеткен кезде немесе
зақым келген кезде іштен жанатын
қозғалтқышты қосуға тыйым салынады
– бұл өртке əкелуі мүмкін!
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын оны арнайы мамандандырылған
қызмет көрсету орталығында жөндеу
керек.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Құрылғыны пайдаланар алдында от
алдыру білтесі сымының штекері жағу
шамына сенімді орнатылғандығына көз
жеткізіңіз.
497