5.11
Жарылыс қаупі
1. Аспапты жұмыс бетіне 30 секунд бойы басулы ұстаңыз.
2. Картридж сонда да оталмаса, оны жұмыс бетінен алып тастаңыз. Оның өзіңізге немесе басқа
адамдарға бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
3. Картридж таспасын картриджден қолмен тартып шығарыңыз да, қалған картридж таспаларын да
шығарып алыңыз.
5.12
Картридждің оталуынсыз қате қондырымдар
ЕСКЕРТУ
Ыстық Жұмыс кезінде аспап қатты қызады.
▶ Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз.
▶ Аспапты суытыңыз.
1. Жұмысты бірден тоқтатыңыз.
2. Аспапты босатып, бөлшектеңіз.
3. Піспек пен бекіту элементтерінің дұрыс тіркесімі таңдалғанын тексеріңіз.
4. Амортизатор мен піспекте тозудың бар-жоғын тексеріп, қажет болса, элементтерді ауыстырыңыз.
5. Аспапты тазалаңыз.
◁ Жоғарыдағы шаралар орындалған соң мәселе шешілмесе, аспапты бұдан былай пайдалануға
болмайды.
◁ Аспапты Hilti қызмет көрсету орталығында тексертіп, қажет болса, жөндеуге тапсырыс беріңіз.
Аспапты тұрақты түрде қолданғанда, оның жұмыс бөлшектері ластанады және тозып кетеді.
Тексеру және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін жүйелі түрде орындаңыз. Техникалық
қызмет көрсету 30000 қондыру әрекетінен кейін орындалуы тиіс.
Аспапты 2500 - 3000 қондыру әрекетінен кейін тазалаңыз.
индикаторының соңғы қалпына келтіру әрекетінен кейін орындалған қондыру әрекеттерінің
санын көрсетеді. Бір діңгекке 500 қондыру әрекеті бар.
Қарқынды пайдалану кезінде піспек пен амортизаторды күн сайын, алайда 2500 - 3000
қондыру әрекетіне ұсынылған жүйелі тазалау циклінің барысындағы аралықтан кеш емес
тексеріңіз.
Тексерістер, техникалық қызмет көрсету циклдері мен тазалау циклдері үлгілі аспап
қолданысына негізделген. Аспап мерзімінен тыс дұрыс жұмыс істеп тұрмағанын анықтаған
кезде, дереу қызмет көрсету жұмысын орындаңыз.
6
Күту және техникалық қызмет көрсету
6.1
Аспапты күту
ЕСКЕРТУ
Тазалау Аспапты тазалаған кезде төмендегілерге назар аударыңыз:
▶ Тазалау үшін шашыратқыштарды немесе бу сорғылайтын аспапты пайдаланбаңыз.
▶ Аспап ішіне бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ
Тұтанудан жарақат алу қаупі бар! Аспаптағы ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақылаусыз оталып қалуы
немесе тозаңға айналуы мүмкін.
▶ Аспапты жүйелі түрде тазалаңыз. Осы құжаттамадағы барлық техникалық қызмет көрсету және
тазалау нұсқауларын орындаңыз.
▶ Төмен сапалы картридждерді пайдалану арқылы аспапты тазалау піспектің қайтару механизмінің
ішіндегі ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақыланбайтын оталу не тозаңға айналып қалу мүмкіндігінің
алдын алмайды. Бұл жағдайды Hilti қызмет көрсету орталығында техникалық қызмет көрсету
арқылы болдырмауға болады.
▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз.
2147992
*2147992*
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5292603 / 000 / 03
Қондыру есептегіші тазалау
Қазақ
273