386
Қазақша
Түнгі шам
азайтады. Қуатты көбірек үнемдеу үшін, Eco Max режимін белсендіріңіз. Бұл
режимде бала дауысы шықпағанда нәресте бөлігінің DECT сигналы сөнеді.
Абайлаңыз: Eco Max режимінде ата-ана бөлігі кері байланысты нәресте
бөлігінен кешіктіріп алады. Нәресте дыбыс шығарғанда нәресте бөлігі ата-
ана бөлігіне кері байланыс жібермес бұрын алдымен радио сигналды іске
қосады.
Келесі жағдайларды ескеріңіз:
-
Eco Max режимінде ата-ана бөлігі нәресте бөлігінің ауқымынан тыс
болса, кері байланыс қабылданбайды. Ата-ана бөлігіндегі кез келген
түймені басу арқылы байланысты тексеруге болады.
-
Микрофон сезімталдығы ең жоғарғы деңгейге орнатылса, Eco Max
режимі белсендірілмейді.
Eco Max режимін белсендіру
1 + және - түймелерін пайдаланып мәзірден «Eco Max» тармағын таңдап,
растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Дисплейде «Turn On» (Қосу) хабары көрсетілгенде Eco Max режимін қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
3 Дисплейде «!No alert if out of range, OK?» (Ауқымнан тыс болса, ескерту
көрсетпеу, ОК?) ескерту хабары көрінеді. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
Ескертпе: Ескерту хабары дисплейде екі рет жылжып өтеді. OK түймесін
баспасаңыз, ата-ана бөлігінде мәзір сол қалпында қалады және Eco Max
режимі ажыратулы қалады.
4 Дисплейде Eco Max көрсеткіші жыпылықтайды. Нәресте бөлігі ата-ана
бөлігіне ешқандай сигнал жібермегенде «байланыс» шамы баяу жасыл
түсте жыпылықтайды.
5 Радио сигнал ажыратылғандықтан ата-ана бөлігі нәресте бөлігінен
сигнал алғанда «байланыс» шамы тұрақты жасыл болып жыпылықтайды.
Eco Max режимін ажырату
1 MENU түймесін басыңыз.
2 + және - түймелерін пайдаланып «Eco Max» режимін таңдап, растау үшін
OK түймесін басыңыз.
3 Дисплей «Turn Off» (Өшіру) параметрін көрсеткен кезде, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
1 Нәресте бөлігінде түнгі жарықты қосу үшін + және - түймелерін
пайдаланып мәзірден «Түнгі жарық» режимін таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
2 «Turn On» (Қосу) опциясын таңдау үшін + және - түймелерін
пайдаланыңыз. Түнгі жарық таңбасы
3 Түнгі жарық қосулы кезде және оны өшіру керек болғанда, мәзірден
«Nightlight» (Түнгі жарық) опциясын таңдаңыз және «Turn Off» (Өшіру)
параметрін таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
дисплейде пайда болады.