Descargar Imprimir esta página

3M Peltor HRXS7 Serie Manual De Instrucciones página 60

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 16
KZ
Peltor HRXS шудан қорғайтын радио құлаққап
— ішіне жоғары сезгіш FM стерео радио ресивері орнатылған шуды жоғары деңгейде
басып қорғайтын қорғау құлаққаптары. Шудан қорғайтын радио құлаққап шулы жерлерде
киюшінің қауіпсіздігін және ынтасын арттыруға арналған. Сонымен қатар, гүлзардың
шөбін шабу сияқты жұмыстар үшін немесе киюші сыртқы шусыз радио тыңдағысы
келгенде пайдаланылуы мүмкін. Peltor шудан қорғайтын радио құлаққап тексеріліп,
жеке қауіпсіздік құралдарына қатысты 89/686/EEC және электромагниттік үйлесімділікке
қатысты 2004/108/EC директиваларына сай мақұлданған, яғни CE белгісіне қойылатын
талаптар орындалған. Жаңадан сатып алған затты ең қолайлы түрде пайдалану үшін
нұсқаулардың барлығын оқып шығу маңызды болып келеді.
(A) Құрамдас бөліктері
1. Күні бойы ең жоғары деңгейдегі ыңғайлық үшін жұмсақ қабаты бар өте кең доға.
2. Төмен, екі жерден бекіту қысқышы және қарапайым шығып тұрған бөліктерінсіз
биіктікті реттеу мүмкіндігі бар.
3. Тат баспайтын болаттан жасалған оқшаулау сақиналары бар серіппелі жеке
доғалар құлаққа біркелкі қысым жасайды.
4. Жұмсақ әрі кең, поролонмен / сұйықтықпен толтырылған, қысымды біркелкі
тарататын ішкі арналары қысымды төмендетеді, тиімді оқшаулайды және ең
жоғарғы ыңғайлылық береді.
5. Қосуға және өшіруге, дыбыс деңгейін реттеуге және арнаны таңдауға арналған
қорғалған басқару тетіктері бар.
6. Өте қысқа, икемді антенна төмен тағылған және қабылдау сезімталдығы жоғары.
7. Қарапайым, тұрақты арна реттеу мүмкіндігі. Жиілік диапазоны – 87,5-108,0 МГц.
8. Дыбыс деңгейінің шегі бар.
9. Батарея қақпағы батареяны оңай алмастыру мүмкіндігін береді (екі сілті AA 1,5 В
батарея бірге берілген). Бірге берілген сілті батареялар шамамен 140 сағат қызмет
етеді (HRXS7*-01, HTRXS7*). Бірге берілген сілті батареялар шамамен 60 сағат
қызмет етеді (HRXP7*-01).
10. Аудио кіріс ұясы MP3 ойнатқышын, т.б. жалғауға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
Бұрандаларды бұрап алып, батарея қақпағын шешіңіз. Берілген екі 1,5 В батареяны
салыңыз. + және – жақтар дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Дыбыс деңгейін басқару
тетігін қосып, керекті арнаны оң жақ құлақ қабындағы дөңгелекпен реттеп алыңыз.
(B) Доға: (B:1) Құлақ қаптарын шығарып, доғаны амбушюрлер құлақтарды толық
жабатын етіп реттеңіз. (B:2) Доғаны төмен басып тұрып, екі құлақ қабының биіктігін
ыңғайлы етіп реттеңіз. (B:3) Доға тура басыңыздың үстіңгі жағынан өтуі керек.
(C) Дулыға бекітпесі: Дулыға бекітпесін дулыға ұясына сырт еткізіп орнына келтіріңіз
(C:1 суретін қараңыз). Пайдалану барысында, сым бүкпелерді орындарына сырт етіп
түскенше екі жақтан итеріп желдету позициясынан жұмыс позициясына салу керек.
Жұмыс позициясында құлақ қабы мен сым бүкпенің қайысқа немесе дулығаның шетіне
тиіп қажалып тұрмағанын тексеріңіз. Бұл шудың өтуіне себепші болуы мүмкін. Ескертпе!
Құлақ қаптарын үш позицияға орнатуға болады: (C:2) Жұмыс, (C:3) Желдету және (C:4)
Күту.
Маңызды ақпарат! Ең жақсы түрде қорғау үшін, құлақтың айналасындағы шашты алып
тастап амбушюрлердің басқа тығыз тиіп тұруын қамтамасыз етіңіз. Көзілдірік тұтқалары
басқа жақсылап тағылуы үшін мүмкіндігінше жіңішке болуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУШЫ АҚПАРАТЫ
Шудан қорғайтын радио құлаққап осы нұсқауларға сай қосылған, реттелген,
тазаланған әрі оған техникалық қызмет көрсетілген болуы тиіс.
• Құлақты толық қорғау үшін, шулы ортада шудан қорғайтын радио құлаққапты
әрдайым киіп жүріңіз.
• Шудан қорғайтын радио құлаққаптың сыртын мерзімді түрде сабынды сумен сүртіп
отырыңыз. Суға батырмаңыз.
• Шудан қорғайтын радио құлаққапты +55 °C шамасынан асатын температурада
(мысалы, көліктің маңдай терезесінің немесе терезенің алдында) сақтауға
болмайды.
• Бұл өнім белгілі химиялық заттардың әсерінен бұзылуы мүмкін. Толық ақпаратты
өндірушіден алуға болады.
• Батареяларды ресивердегі кедергі деңгейі артқанда немесе дыбыс деңгейі
төмендегенде алмастырыңыз.
• Батареяны полярлығын қате қаратып салса, ресивердің электрондық бөліктері
зақымдануы мүмкін. Құрал қосылып тұрғанда батареяны ауыстыруға болмайды.
Пайдаланбас бұрын, батареяның дұрыс салынғанын тексеріңіз.
• Шудан қорғайтын радио құлаққап, әсіресе оқшаулау сақиналары уақыт өте келе
тозуы мүмкін, сондықтан олардың жарылмағанын немесе шу өткізбейтінін жиі
тексеріп тұру керек.
• Сақтамас бұрын батареяларды шығарып алыңыз!
58

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Peltor htrxs7 seriePeltor hrxp7 serie