Descargar Imprimir esta página

3M Peltor HRXS7 Serie Manual De Instrucciones página 61

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 16
Материалдар:
- Доға сымы (тат баспайтын болат).
- Екі жерден бекіткіш (Ацеталь).
- Амбушюр (ПВХ пленкасы және полиэфир поролон).
- Шуды басу қабаты (полиэфир поролон).
- Доға (жалпақ темір).
- Доға аралық қабаты (ПВХ, полиэфир поролон).
- Құлақ қаптары (ABS пластигі).
• АМБУШЮРЛЕРДІ ШЕШУ/АУЫСТЫРУ
- Саусақтарды амбушюрлер шеттерінің астына кіргізіп, түзу тартыңыз.
- Жаңа амбушюрді орнына сырт еткізіп кіргізіңіз.
• Бұл құлаққаптарды тек төмендегі өндірістік қауіпсіздік дулығаларына орнату және
тек солармен пайдалану керек (E кестесін қараңыз).
• Гигиеналық жапқыштарды орнату құлаққаптардың акустикалық жұмысына әсер етуі
мүмкін.
• Құлаққаптар, әсіресе амбушюрлер қолданылып тозуы мүмкін, сондықтан олардың
жарылмағанын немесе шу өткізбейтінің жиі тексеріп тұру керек.
• Бұл құлаққаптың электр аудио кіріс ұясы бар. Қолданбас бұрын, киюші дұрыс
пайдалану жолын қарап алғаны жөн. Бұрмалану немесе ақаулық анықталса, киюші
өндірушіден кеңес алуы керек.
• Абайлаңыз! Осы шудан қорғайтын радио құлаққаптың электр аудио тізбегінің
шығысы күнделікті дыбыс деңгейі шегінен асуы мүмкін. EN 352-8:2008 стандарты
бойынша ең жоғарғы аудио кіріс деңгейі – 500 мВ (орташа квадраттық).
• Құлаққаптың аудио сигналдың дыбыс қысымы деңгейін шектеу мүмкіндігі бар.
Құлаққап көңіл көтеру аудио сигналын шектеп, құлақ үшін тиімді 82 дБ(А) деңгейінде
шығарады.
• Көңіл көтеру мүмкіндігін пайдаланғанда, ескерту сигналдарын есту мүмкіндігі
төмендейді.
Ескертпе! Осы нұсқауларды қадағаламаса, құлаққаптың шуды басу мүмкіндігі де,
жұмысы да нашарлауы мүмкін.
Шуды басу коэффициенттері
Шу басу мәндері тексеріліп, жеке қауіпсіздік құралдарына қатысты 89/686 EEC
директивасына және EN 352-1:2002, EN 352-3:2002, EN 352-8:2008 Еуропа
стандарттарының қатысты бөлімдеріне сай мақұлданған.
Сертификатты FIOH ұйымы берген (Topeliuksenkatu 41, FI-00250 Helsinki, Finland
ID#0403). Peltor шудан қорғайтын радио құлаққабы ЭМҮ директивасының, 2004/108/
EC стандартының талаптарына сай келеді және EN55013:2001 + A1:2003 + A2:2006,
EN55020:2007 стандарттарының тиісті бөлімдері, сондай-ақ FCC ережелерінің
15-бөлімі (B класы) бойынша мақұлданған.
Құлаққаптың музыкалық дыбыс деңгейі жеке қауіпсіздік құралдарына қатысты
директива бойынша 82 дБ-нен (A) аспайтын дыбыс деңгейінде өлшенген.
(D:1) HRXS7A-01, HTRXS7A*, HRXP7A-01 үлгісі, доғасы бар. Салмағы: 340 г.
(D:2) HRXS7P3E-01, HTRXS7P*, HRXP7P3E-01 үлгісі, дулыға бекітпесі бар. Салмағы: 370 г.
ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР / ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАР
Гигиеналық жинақ – HY81
Екі тағылатын амбушюр мен оқшаулау сақинасынан тұратын, оңай
алмастырылатын гигиеналық жинақ. Шудың үздіксіз басылуын, гигиенаны және
ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін, әр алты апта сайын алмастыру ұсынылады.
Таза, бір рет қолданылатын шудан қорғау құлаққабы – HY100
Оқшаулау сақиналарына тағылатын бір реттік шудан қорғау аралық қабаттары.
100 жұптық бумалар.
3M компаниясы осы құжатта берген ақпаратқа сенім артудан болған ешбір
тікелей немесе жанама (соның ішінде, бірақ шектелместен, табыстың, бизнестің
және / немесе іскерлік беделдің жоғалуы) жауапкершілікті мойнына алмайды.
Өнімдердің мақсатты қолданысқа сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтау үшін
пайдаланушы жауапты. Осы мәлімдемеде айтылған ешбір сөз 3M компаниясының
немқұрайдылығынан орын алған өлім немесе адам жарақаты жағдайлары үшін
жауапкершілігін жоққа шығармайды немесе шектемейді.
59

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Peltor htrxs7 seriePeltor hrxp7 serie