Bosch HWS 0 602 301 4 Serie Manual Original página 307

Ocultar thumbs Ver también para HWS 0 602 301 4 Serie:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 52
OBJ_BUCH-2487-002.book Page 307 Wednesday, November 2, 2016 4:43 PM
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
 Қосқыш/өшіргішті 1 "өшік" күйіне, электр құралы
күтілмегенде қосқыш/өшіргіш "қосулы" күйінде
болса да тоқтағанда апарыңыз. Осылай бақылаусыз
қайта қосылудың алдын аласыз. Электр құралын
қосудан алдын ("Энергия қорегіне қосылу" 306 бетінде
қараңыз), энергия жабдықталуын тексеріңіз.
 Әрдайым алдымен электр құралын жиілік
түрлендіргішіне оны тоқ желісіне қосудан алдын
байланыстырыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жиілік түрлендіргішінің қосқыш/өшіргіші
Алдымен жиілік тұрлендіргішін іске қосып, сосын электр
құралын қосу керек.
Ол үшін жиілік тұрлендіргішінің пайдалану нұсқаулығын
ескеріңіз.
Электр құралын қосу/өшіру
қауіпсіздік жылжыма өшіргіш (J1 суретін қараңыз)
Төмендегі түрлер үшін тиісті:
– 0 602 324 4..
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға
басыңыз.
– Қосқыш/өшіргішті 1 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 1
алды төменге тірелгенше басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті
жіберіңіз 1.
Бекітілген қосқыш/өшіргіште 1 оны арқада төменге
қысқа басып сосын жіберіңіз.
Электр құралын қосу/өшіру
қауіпсіздік қосқышымен (J2 суретін қараңыз)
Төмендегі түрлер үшін тиісті:
– 0 602 301 4..
– 0 602 329 5..
– 0 602 304 40.
– 0 602 331 5..
– 0 602 305 40.
– 0 602 332 5..
– 0 602 306 434
– 0 602 334 5..
– Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 1 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
– Басылған сөндіргішті 1 бекіту үшін сөндіргішті 1 одан
әрі алға жылжытыңыз.
– Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 1 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 1 қысқа уақыт бойы
басыңыз және жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралын ажыратудан алдын тоқтан
шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының
байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
"Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Bosch Power Tools
 Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен тегістеу
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен бірге
дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу (K суретін қараңыз)
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Төңкерілуден қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
бағыттағыштары бар кесуге арналған шығарғыш
қаптаманы пайдалану керек.
Электр құралын тек шаңсорғышпен пайдаланып қосымша
респираторды киіңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
– Электр құралды өшіріңіз және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр
құралды біркелкі, материалға сәйкес берумен
жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас өте көп аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас
шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді
бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы
салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас
кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште,
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
1 609 92A 36G | (2.11.16)
Қaзақша | 307

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido