Себебі
Шешім
рет енгізіп шығару арқылы,
қажет болса, оны ауыстыру
Аккумулятор бұзылған
Аккумуляторды алмастыру
Аккумулятор (дұрыс)
Аккумуляторды зарядтау
енгізілмеген
қуысына (толық) енгізу
Кернеу тұрақтандырғышы (B суретін
қараңыз)
Түрі
0 602 490 437/ 0 602 490 471/ 0 602 490 447/
0 602 490 469
Нұсқау: өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыштарда
аккумуляторлардың орнына кернеу тұрақтандырғышын
пайдалануға болады. Кернеу тұрақтандырғышы мен
кернеу адаптері жеткізілім жинағына кірмейді.
Суретте көрсетілген желілік аша электр
құралыңыздағыдан өзгеше болуы мүмкін.
Кернеу тұрақтандырғышы еліңізге тән ток желісіне
u
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
4EXACT кернеу тұрақтандырғышы мен жарамды желілік
кабеліне қоса номиналды кернеуі бұрауышыңызбен
бірдей болатын кернеу адаптері қажет болады.
Кернеу тұрақтандырғышындағы (жарық диодты
u
индикатор) кернеу бұрауыш кернеуімен бірдей
болуы тиіс. Кернеу тұрақтандырғышы тек қана
кернеуі 9,6 В және 14,4 В аралығында болған EXACT,
ANGLE EXACT және BT-EXACT сериялы Bosch
өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрағыштарына
арналған. Кері жағдайда өрт немесе жарылыс қаупі
пайда болады.
Қуат көзіне жалғау
Нұсқау: жеткізу кезінде аккумулятор да, кернеу адаптері
де электр құралына салынбайтынын ескеріңіз.
Аккумуляторларды ешқашан аккумуляторлық
u
құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторлар бөлек
сақталған жағдайда ұзақ жұмыс істеп, дұрыс
зарядталады. Аккумуляторды ұзақ уақыт сақтағаннан
кейін пайдаланудан бұрын толық зарядтау керек.
Аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды электр құралына салмастан бұрын тиісті
зарядтағыш құрылғыда зарядтаңыз. Зарядтау процесінің
дұрыс сипаттамасын зарядтағыш құрылғының пайдалану
бойынша нұсқаулығында және осы нұсқаулықтағы
мәліметтерден алыңыз (қараңыз „Зарядтау процесі",
Бет 174).
Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен
жабдықталған, ол тек 0°C (+32°F) және 45°C (+113°F)
арасындағы температура диапазонында зарядталуға
мүмкіндік береді. Осылайша аккумуляторды ұзақ уақыт
пайдалану мүмкін болады. Дұрыс пайдаланған жағдайда
аккумуляторды ең көбі 3000 рет қайта зарядтауға
болады.
Bosch Power Tools
Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған
аккумулятор толық қуатына шамамен 5 зарядтау және
зарядты босату циклінен кейін жетеді. Аккумуляторларды
тек электр құралының "Аккумулятор зарядының деңгейі"
жарық диодты индикаторы қызыл түспен жанғанда ғана
зарядтауға болады.
Аккумуляторды енгізу және шығару (C суретін
қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) ортаңғы күйге
басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш (6) "Өшірулі" күйінде
бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске қосылуына
жол берілмейді.
Зарядталған аккумуляторды (5) электр құралының
тұтқасына кіргізіңіз.
Аккумулятордың дұрыс күйде енгізілгеніне және босату
түймелерінің (4) электр құралының тұтқасына тірелгеніне
көз жеткізіңіз.
Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш
u
салмаңыз. APT (Akku Pack Top) штепсельдік
контактісі бар аккумуляторлар электр құралына
немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде
енгізілетіндей етіп құрастырылған.
Аккумуляторды (5) шығарып алу үшін екі жағындағы
босату түймелерін (4) басып, аккумуляторды тұтқадан
төмен қарай тартыңыз.
Кернеу адаптерін енгізу және шығару
(D суретін қараңыз)
Түрі
0 602 490 437/ 0 602 490 471/ 0 602 490 447/
0 602 490 469
Электр құралыңыздың номиналды кернеуіне сәйкес
келетін кернеу адаптерін таңдаңыз.
Кернеу адаптерлерін кернеуіне қарай D-Sub штепсельдік
ашасы (16) корпусының түсі бойынша ажыратуға
болады. D-Sub штепсельдік ашасының корпусы 9,6 В
кернеу үшін көк, ал 12 В кернеу үшін қызыл түсті болады.
Адаптер корпусын (18) тек кернеу
u
тұрақтантырғышының өшірулі күйінде немесе
кернеу тұрақтандырғышынан ажыратылған
штепсельдік ашамен (16) өнеркәсіптік
аккумуляторлық бұрауышқа орнатуға немесе одан
алып тастауға болады.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) ортаңғы күйге
басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш (6) "Өшірулі" күйінде
бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске қосылуына
жол берілмейді.
Содан кейін адаптер корпусын (18) электр құралының
тұтқасына кіргізіңіз. Адаптер корпусының дұрыс күйде
салынғанына және босату түймелері (4) электр
құралының тұтқасына шерту дыбысымен тірелгеніне көз
жеткізіңіз.
Содан кейін электр құралыңыз жарамды кернеу
тұрақтандырғышының штепсельдік ашасын (16)
жалғағыш төлкеге (15) кіргізіңіз. Штепсельдік ашаны
(16) жалғағыш төлкеге (15) екі бұранданы (17) қолмен
тарту арқылы бұрап бекітіңіз.
Қазақ | 175
1 609 92A 4V3 | (14.02.2019)