Желдету
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою жəне бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы жақтаудың
4 тесігіне сəйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Құлақшаларды төменде көрсетілгендей шкафтың
бүйір қабырғасының қалыңдығына қарай
лайықтаңыз:
20 мм болса, құлақшаның
жылжымалы бөлігін алып
тастаңыз (сызбаны қараңыз).
18 мм болса, зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
16 мм болса, екінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
Электр қосылымдары
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен жəне құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменге қараңыз).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына бұрауышты
тығып, дəнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты төмен
басқанда қақпақты ашатындай
тұтқа түрінде пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып, қыспа
бұранданы босатып алып
тастаңыз (сызбаны қараңыз).
3. Үш сымды L-N-
байланыс бұрандаларын
алып тастап, түстеріне
сай сымдарды бұранда
бастарының астына бекітіңіз:
Көк (N), Қоңыр (L) жəне Сары-жасыл (
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сəйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (жапсарлас
қорапты қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр
желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты жəне ағымдағы ток реттеуіне
сəйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін
температурасы 50°C-тан жоғары болатын жерден
өтпейтіндей етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
жəне оның қауіпсіздік ережелеріне сəйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
KZ
,
).
59