Descargar Imprimir esta página

Құрылғыны Тазалау - Hotpoint Ariston FZ G /HA Manual De Instrucciones

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 35
Жөндеу жəне күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар салқын
сумен нейтралды сабынға малынған ысқышпен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
• Керек-жарақтарды күнделікті ыдыстар сияқты
жууға болады, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинада жууға болады.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар əйнек бетін тырнап, оның сынуына
əкелуі мүмкін.
Пешті мұқият тазалау үшін оның есігін алып тастауға
болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан
тұтқаларды көтеріп, бұрыңыз
(сызбаны қараңыз).
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай тартып,
ілмектерінен шығарыңыз
(сызбаны қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (Көмек бөлімін қараңыз).
Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті
пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (сызбаны
қараңыз).
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Туындаған проблема түрі.
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Мəліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Пештің шамын
ауыстыру үшін:
67
KZ

Publicidad

loading