!
Жүргізілген сору шлангасының өте ұзын болмауы маңызды.
!
Сору шлангасын барынша көп майыстырмай жүргізіңіз. Майыстырудың максималды бұрышы 90°.
!
Соратын шланг диаметрін аз ғана өзгертуге тырысыңыз.
!
Соратын шлангтың ішкі беті барынша тегіс болуы тиіс.
!
Соратын шланг сертификатталған материалдардан жасалуы тиіс.
Қайта айналдыру режимінде жұмыс жасау
Қайта айналдыру режимінде дүкендерден немесе сервис орталығынан сатып алуға болатын көмір сүзгісі
орнатылуы тиіс.
Сүзгі май бөлшектерін жəне иісті ұстап қалады да, тазартылған ауаны жоғарғы тор арқылы бөлмеге қайтарады.
ОРНАТУ
Ауа сорғының төменгі жиегі мен ... арасындағы минималды арақашықтық:
– электрлік пісіру беті — 50 сантиметр,
– газды/аралас пісіру беті — 65 сантиметр,
Егер газ плитаны/панельді орнату жөніндегі нұсқаулықта көбірек арақашықтық көрсетілген болса, осы
арақашықтықты есепке алыңыз.
Электр желісіне жалғау
Жалғар алдында аспап ішіндегі зауыттық жапсырмада көрсетілген деректердің электр желісінің нақты
параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріп алыңыз. Егер ауа сорғының байланыстыру кабелі ашамен жабдықталған
болса, ашаны қолданыстағы ережелерге сəйкес орнатылған жəне қол жетімді жерде орналасқан розеткаға
тығыңыз. Егер ауа сорғының байланыстыру кабелі ашамен жабдықталмаса немесе розетка қол жетімсіз жерде
орналасса, аспапты орнату жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес ІІІ санатты шектен тыс кернеу туындаған кезде желіні
толықтай ажыратуды қамтамасыз ететін қос полюсті сөндіргішке жалғаңыз.
Ескерту! Ауа сорғыны электр желісіне жалғар жəне жұмысының дұрыстығын тексерер алдында байланыстыру
кабелінің дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Ауа сорғысы тиісті кабельдерімен бірге жеткізіледі. Егер кабель бүлінсе, ауыстыру үшін авторлық құқығы бар
сервис орталығына хабарласыңыз.
Монтаждау
Ауа сорғы ауыр, сондықтан оны кемінде екі адам тасымалдауы жəне монтаждауы тиіс. Монтаждауды бастамас
бұрын:
•
Бұйымның өлшемі бойынша монтаждалатын жерге сəйкес келетінін тексеріңіз.
•
Егер ауа сорғысы жиынтығында көмір сүзгілері (көмір сүзгісі) (*) бар болса, оны ауыстырыңыз (тиісті бөлімді
қараңыз). Егер ауа сорғыны қайта айналдыру режимінде қолданатын болсаңыз, көмір сүзгілерін (көмір
сүзгісін) орнатыңыз.
•
Ауа сорғының ішінде тасымалдау кезінде еніп кетуі мүмкін қандай да бір заттардың бар-жоғын тексеріңіз,
мысалы, бұрандалары бар пакет (*), кепілдік парағы (*) жəне егер бар болса, міндетті түрде алыңыз.
Монтаждалатын жердегі қабырғаға немесе төбеге еркін қатынауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше
•
плитаны электр желісінен ажыратыңыз жəне ысырып қойыңыз немесе пісіру бетін үстел бетінен шығарып
алыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, плитаны немесе пісіру бетін бұзылулардан қорғау үшін қалың
материалмен жабыңыз. Ауа сорғыны құрастыруды тегіс бетте жүргізіңіз. Бетін қорғайтын материалмен
жабыңыз жəне ауа сорғының бөлшектері мен бекіту бөлшектерін шығарып қойыңыз.
•
Ауа сорғыны монтаждайтын жерде монтаждау аяқталғаннан кейін еркін қатынауды қамтамасыз ететін
розетканың бар жоғын жəне шығарылған ауаны бұруға арналған каналға жалғануын тексеріңіз.
Қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаңыз (розетканы орнату, шығаратын шлангқа арналған
•
саңылауды жасау).
79