Техникалық Және Сервистік Қызмет Көрсету; Техникалық Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GCD 12 JL Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCD 12 JL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 38
208 | Қазақ
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына бекітуге келмейтін барлық керек-
жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмайтын ара дискілерін тасымалдау үшін
жабық контейнерлерге салыңыз.
– Электр құралын әрдайым тасымалдау тұтқасынан (20)
ұстап тасымалдаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық және сервистік
қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын
u
жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы
құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып
электр қаупін тудыруы мүмкін.
Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
u
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
u
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындауы тиіс. Осылайша электр құралының
қауіпсіздігі сақталады.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
1 609 92A 5UE | (05.10.2020)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Керек-жарақтар
Болатты кесуге арналған ара дискілері (тот
баспайтын болат пен алюминий үшін жарамайды)
305 x 25,4 мм ара дискісі, 60 тісті
305 x 25,4 мм ара дискісі, 80 тісті
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
Өнім нөмірі
2 608 643 060
2 608 643 061
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcd 12 jl

Tabla de contenido