Тағайындалу Бойынша Қолдану; Бейнеленген Құрамды Бөлшектер - Bosch GPO 14 CE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GPO 14 CE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
OBJ_BUCH-3431-001.book Page 129 Monday, November 6, 2017 10:02 AM
 Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын
аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды
бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына
кері бағытта жылжытады.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын
пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері
соққының немесе электр құралды бақылауды
жоғалтудың себебіне айналады.
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
 Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Жылтырату кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы
арнайы нұсқаулар
 Жылтырату қаптамасының бос бөліктерін, әсіресе
бекіту сымдарын қалдырмаңыз. Бекіту сымын
алып қойыңыз немесе қысқартыңыз. Бос, бірге
айналатын бекіту сымдары саусақты ұстауы немесе
дайындамаға жабысуы мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
 Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Bosch Power Tools
 Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металды және лакты
беттерді жылтыратуға және тасты ажарлауға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қапсырмалы тұтқа үшін бекіткіш бұранда
2 Қапсырмалы тұтқа (тұтқа беті оқшауланған)
3 Шпиндельді бекіту түймесі
4 Айналымдар санын таңдау реттеушісі
5 Қосқыш/өшіргіш
6 Ажарлау шпинделі
7 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)*
8 Қысу болты*
9 Қысқыш фланец*
10 Теріден жасалған жылтырату дөңгелегі*
11 Қысқыш гайка*
12 Дистанциялық шайба*
13 Жылтырату тәрелкесі*
14 Дөңгелек гайка*
15 Жылтырату тәрелкесі үшін қой терісінен жасалған
дөңгелегі*
16 Жылтырату губкасы*
17 Жылтырату губкасы үшін қой терісінен жасалған
дөңгелек*
18 Резеңке тірек тегістеу тәрелкесі*
19 Егеуқұм қағазы*
20 Киізден жасалған жылтырату дөңгелегі*
21 Тостаған тәрізді қылшақ*
22 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қaзақша | 129
1 609 92A 45K | (6.11.17)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gpo 14 ce

Tabla de contenido