Жұмыс Бойынша Нұсқаулар; Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Керек-Жарақтар/Қосалқы Бөлшектер - Bosch GDB 180 WE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GDB 180 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 22
120 | Қазақ
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін (2)
тағы басыңыз.
Өшіру
Ажыратқышты (1) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған
болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (12) бұрап
бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті
(13) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш
шүмекті (12) ашып, қалған суды ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD) (18) RESET түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (1) өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышы (11) екі айналу жиілігін
алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 80–180 мм
– 2-беріліс: 25–60 мм
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау кезінде әрдайым ортаға дәлдеу крестін (керек-
жарақ) пайдаланыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға
бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан
кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын
дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен
бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын
саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын
немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін
болады.
Артық жүктеме ажыратқышы
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
1 609 92A 4SW | (03.04.2019)
Артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы
қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы
қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп
қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға
болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу
қажет болады.
Кернді алып тастау
Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене
ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы
бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз.
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет
болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі
жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз
(деформациялау қаупі бар)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін (6) жұмыс соңында тазалап
шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына (7) тот басудан қорғайтын затты
себіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Қысымдалған су багы
Адаптер G 1/2 дюйм
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 35MAFC
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 55MAFC
2 609 390 308
2 608 598 043
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gdb 180 we

Tabla de contenido