КЕПІЛДІК
Бұл Samsung өнімінің ақаулы материалдарына және өндіру сапасына қатысты алғашқы
сатып алған күннен бастап он екі (12) ай кепілді қызмет көрсетіледі. Кепілді қызмет көрсету
қажет болған жағдайда, өнімді алдымен сатып алған сатушыға қайтаруыңыз қажет. Дегенмен,
Samsung өкілетті қызмет көрсету орталықтары бұл кепілдікті кепілдеме мерзімі барысында
орындайды. Қосымша мәліметтер алу үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕРІН ТАЛАП ЕТУ ІС-РӘСІМІ
Кепілдік міндеттерді талап ету үшін Samsung байланыс орталығына (жоғарыдағы мәліметтерді
қараңыз) кепілдеме мерзімі барысында өнімнің ақаулықтарын талқылау үшін хабарласуыңыз
қажет. Егер жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын орындау қажет болса, сізге Кепілдік
шағымы нөмірі мен Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы беріледі.
Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы нөмірі берілсе, өнімді
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
• толтырылған кепілдік картасы, немесе оны Samsung компаниясына бұрыннан берсеңіз,
аты-жөніңіз, мекенжайыңыз және байланыс телефон нөміріңіз;
• түпнұсқа түбіртегіңіз, шот-фактура немесе өнімді жаңадан сатып алған кездегі кассалық чек;
• Кепілдік шағымы нөмірі.
Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да, берілген мекенжай бойынша
өзіңізге қайтарады.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
1. Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу шарттары орындалса
ғана заңды күшке ие.
2. Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай, өнімді немесе оның
ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен ғана шектеледі.
3. Кепілдеме жөндеулері Samsung өкілетті қызмет көрсету орталығы арқылы орындалуы
тиіс. Samsung компаниясы өкілеттілік бермеген қызмет орталықтары немесе делдалдар
орындаған жөндеу үшін өтемақы төленбейді және осындай жөндеу жұмысы және осындай
жөндеу жұмысынан туындаған өнімдер зақымы осы кепілдікке жатпайды.
4. Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден басқа елде қолдану
үшін, сол елдегі заң күшіне ие жалпы заңдар мен техникалық стандарттарға немесе
қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіру қажет болса, бұндай әрекет, өнім ақауы бар
материалдан жасалған немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған дегенді
білдірмейді. Бұндай өзгертулер де, олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, және
бұндай шығындардың құны қайтарылмайды.
Қазақша-30
[NA]SSG-3570CR-00L17.indb 30
5. Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе ақаулыққа ұшыраған
өнімдер жатпайды, атап айтқанда:
• апат, дұрыс қолданбау немесе зақым келтіру;
• өнімді қалыпты мақсаттарда қолдану қателігі нәтижесінде;
• Samsung компаниясы өндірмеген немесе сатпаған бөлшектерді қолдану;
• Samsung компаниясының жазулы рұқсатынсыз өзгерту;
• тасымалдау, қараусыз тастау, қуаттың кенет өзгеруі немесе ақаулық нәтижесінде
болған зақым;
• найзағай, су, өрт немесе стихиялық құбылыс нәтижесінде болған зақым;
• қалыпты тозу және жыртылу; немесе
• хабар тарату әдістерінің айырмашылығы немесе елдер арасындағы өнім
стандарттары.
6. Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды түрде иелік ету үшін
сатып алған, кез келген сатып алушы үшін жарайды.
7. ОСЫ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫНЫҢ ЕШБІР БАБЫ ШЕКТЕУ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС РҰҚСАТ ЕТІЛМЕСЕ, АНЫҚТАЛҒАН SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫНЫҢ СА ЛҒЫРТТЫҒЫНАН ТУЫНДАҒАН ӨЛІМ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ
БАСЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ ҮШІН SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕСІН АЛЫП
ТАСТАМАЙДЫ НЕ ШЕКТЕМЕЙДІ.
8. ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛЫП ТАСТАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН SAMSUNG
КО М П А Н И Я С Ы М І Н Д Е Т Т Е М Е С І Н Қ О С П А Ғ А Н Д А S A M S U N G КО М П А Н И Я С Ы
Т Ө М Е Н Д Е Г І Л Е Р Ү Ш І Н Ж АУАП Б Е РМ Е Й Д І : S A M S U N G КО М П А Н И Я С Ы Н Ы Ң
ШЫҒЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНҒАНЫНА НЕМЕСЕ БІЛГЕНІНЕ
ҚАРАМАСТАН ӨНІМДІ САТЫП АЛУДАН, ПАЙДАЛАНУДАН НЕМЕСЕ САТУДАН ТІКЕЛЕЙ
НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТУЫНДАЙТЫН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ЕРЕКШЕ НЕМЕСЕ КЕЙІНГІ
ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ТАБЫСТЫ ЖОҒАЛТУ; НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУДЫ НЕМЕСЕ
ДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТУ; БЕДЕЛ НЕМЕСЕ ІСКЕРЛІК НҰҚСАН.
9. ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛЫП ТАСТАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫ МІНДЕТТЕМЕСІН ҚОСПАҒАНДА, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ
КЕПІЛДІККЕ НЕМЕСЕ ӨНІМДІ САТЫП АЛУҒА, ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ САТУҒА СӘЙКЕС
НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕМЕСІ ӨНІМГЕ ЖАҢА РЕТІНДЕ
ТӨЛЕНГЕН БАҒАДАН АСПАУЫ ТИІС.
10. ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ ӨЗГЕ КӨЗДЕЛМЕСЕ, ЗАҢНАМАДАН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ
ПАЙДА БОЛАТЫН БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ТАЛАПТАР
ЗАҢНАМАДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕҢБЕРДЕ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ.
11. Жоғарыдағы кепілдік шарттары тұтынушы немесе басқа ретінде Сіздің
заңды құқықтарыңызға әсер етпейді.
2013-01-02
9:15:16