246 | Қазақ
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта
зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы қатты заряд
таусылуынан қорғалған. Аккумулятор заряды таусылған болса, электр құралы
қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап бұдан былай
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты түрде өшкеннен кейін, шпиндельге бұдан былай
u
қысым қолданбаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы
u
болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Электр құралын USB кабелі (9) арқылы штепсельдік қуат блогына (10) жалғаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) зарядтау процесін көрсетеді.
Зарядтау барысында индикатор жасыл түспен жыпылықтайды. Индикатор үздіксіз
жасыл түспен жанып тұрса, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді.
Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл
қалыпты жағдай болып табылады.
Ұзақ уақыт пайдаланбай тұрғанда электр құралын ток көзінен ажыратыңыз.
Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және ол зарядтау кезінде
жұмыс істемесе, бұзылған болып табылмайды.
Кәдеге жарату туралы нұсқауларды орындаңыз.
Құралды алмастыру
25 мм шамасынан ұзын 2 жақты бұрауыш жүздерін пайдаланбаңыз.
u
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінің (2) ішкі алты қырлы ойығына шерту
дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен (2) қажетінше қысқашпен тартып
шығарыңыз.
1 609 92A 6M4 | (21.05.2021)
Bosch Power Tools