Bosch GGS Professional 8 CE Manual Original página 128

Ocultar thumbs Ver también para GGS Professional 8 CE:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 23
128 | Қaзақша
 Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес
болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан
шығуы мүмкін.
 Тегістеу шеңберлері, тегістеу білікшесі немесе басқа
керек-жарақтар электр құралыңыздың тегістеу
шпинделіне немесе қысқышына сай болуы керек.
Электр құралының патронына дұрыс тұрмауынан
алмалы-салмалы аспапқа соғылып айналады, қатты
дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
 Тиекте орнатылған шеңберлер, тегістеу
цилиндрлері, кесу саймандары немесе басқа керек-
жарақтар қысқыш немесе қысқыш патронға толық
орнатылуы керек. Ажарлау құралы мен қысқыш
немесе қысқыш патрон арасындағы „дөңес"
немесе тиектің бос тұрған бөлігі минималды болуы
керек. Егер тиек жеткілікті қысылмаса немесе тегістеу
құралы тым ұзақ тұрса, алмалы-салмалы аспап босап,
жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу білікшесіне
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана пневматикалық құралды бір минут
ішінде максималды айналымдар санында
қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар
тексеру кезінде анықталады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына
немесе өз қосу кабеліне тиюі мүмкін, сондықтан
ықтимал жұмыс кезінде құрылғының оқшауланған
тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металды
құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі
мүмкін.
3 609 929 C85 | (18.6.14)
 Іске қосуда электр құралын берік ұстаңыз. Толық
айналымдар санына көтерілген кезде қозғалтқыштың
реакциялық моменті электр құралының бұралып
кетуіне алып келуі мүмкін.
 Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін
қысқышты пайдаланыңыз. Пайдалану кезінде
ешқашан бір кіші дайындаманы бір қолда ұстап
электр құралды басқа қолда ұстамаңыз. Кіші
дайындамаларды қысып қою арқылы екі қолмен электр
құралын жақсы бақылауға болады. Ағаштық дюбель,
темір шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
дайындамаларды ажыратуда олар домалап кетіп,
алмалы-салмалы аспапты қысып сізге айналып соғуы
мүмкін.
 Қосу кабелін айналатын алмалы-салмалы аспаптан
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды
жоғалтсаңыз, қосу кабелі кесіліп немесе ілініп,
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп, жаралануыңыз мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспапты алмастырғаннан немесе
аспап параметрлерін өзгерткеннен соң қысқыш
сомынын, қысқыш патрон немесе басқа бекіту
элементтерін бекітіңіз. Бос бекіту элементтері
кездейсоқ жылжып, бақылаудың жоғалтуына алып
келуі мүмкін; бекітілмеген, айналып тұрған
кұрамдастар лақтырылып тасталады.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу таспасының, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын электр құрал
алмалы-салмалы аспап айналу бағытына қарсы
жылдамданады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido