Descargar Imprimir esta página

Пайдалануға Ендіру - Bosch LR 1 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para LR 1 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
Лазер қабылдағышын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяны
u
шығарып алыңыз. Лазер қабылдағышында ұзақ уақыт сақтауда жатқан
батареяны тот басуы және оның заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
u
Лазер қабылдағышына айрықша температура немесе шұғыл температура
u
өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің жағдайында алдымен лазер
қабылдағышын қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз. Айрықша
температура немесе шұғыл температура өзгерістерінің жағдайында лазер
қабылдағышының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе оған кедергі келтіруі
u
мүмкін бөгеттерден таза ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер немесе ұқсас материалдар
арқылы өлшемеңіз. Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі келтірілген
жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы мүмкін.
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ротациялық лазерден кемінде 0,5 м алшақ орнатыңыз.
Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең жоғары айналу
жылдамдығымен көлденең немесе тік жұмыс режимін таңдаңыз.
Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне (6) жететіндей етіп
орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп
туралаңыз (суретте көрсетілгендей).
Қосу/өшіру
Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық сигнал шығады. Сондықтан
u
лазер қабылдағышын қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан
алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін.
Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (1) басыңыз. Барлық дисплей
индикаторлары қысқа мерзімге жанады және екі дыбыстық сигнал беріледі.
Лазер қабылдағышы қосылғаннан кейін, әрдайым "орташа" қабылдау дәлдігі
орнатылып, дыбыстық сигнал өшіп қалады.
Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (1) қайтадан басыңыз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 167
1 609 92A 5S4 | (10.08.2020)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Lr 1 g professional