kk - СУ СОРҒЫСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТУ: ОРНАТУ АЛДЫНДА КӨМЕКШІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ТЕКСЕРІҢІЗ.
1.ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Орнату үшін қажет болатын операцияларды орындауға білікті ғана қызметкерлерге рұқсат етіледі.
Нұсқаулықтың және қоса берілетін барлық құжаттаманың мақсаты — жабдықты дұрыс орнату, іске қосу үшін орнатушы
мен операторға және жауапты қызметкерлер мен құрылғыға зиянсыз техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге көмектесу.
Қондырғыны пайдаланумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық әрекеттерді орындауға тиіс:
•• Тиісті түрде оқытылған, олар жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін сақтауы және нақты біліктілігіне сүйеніп, нақты
орындалатын міндетке арналған тиісті ЖҚҚ пайдалануы тиіс.
•• Тек тиісті түрде оқытылған, нұсқаулықты, техникалық құжаттама мен қауіпсіздік құжаттарын оқып, зерттеген тұлғалар.
•• Құрылғыны тиісті даярлығы болмайтын және жеткіліксіз құзыретті тұлғаларға пайдалануға тыйым салынған.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, техникалық құжаттаманы және қауіпсіздік жөніндегі қоса берілетін барлық
құжаттарды оқып, құрылғыны бүкіл қолдану мерзімі ішінде сақтау керек.
ЕСКЕРТУ: Осы аспап орынжайда пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ: Сорғыны сумен жууға болмайды. Сорғыны тазарту үшін ылғалды шүберекті пайдаланыңыз. Құрылғыға және
оның электр компоненттеріне су шашыратпаңыз.
Тиісті ыдыстан конденсаттың (судың) кездейсоқ шығуын болдырмау үшін сорғы көлденең күйінде болуы тиіс. Егер ол
электр қуаттау резеткісіне қосылған болса, жабдықты қатаң түрде жылжытуға тыйым салынады, себебі туындайтын
дірілдеуі мен қозғалыстары бақтан су конденсатының шығуына және оның электр бөліктеріне түсуіне ұшыратуы мүмкін.
Конденсатты ағызғаннан кейін ғана сорғыны жылжытуға болады және оны жылжытар алдында кез келген жағдайда
ашаны резеткіден шығарып ал керек.
2.ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Құрылғыларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету уақытында келесі жеке қорғаныс құралдарын
пайдаланыңыз:
КИІМ: Техникалық қызмет көрсетуді орындайтын немесе құрылғымен тайғанақ еденде жұмыс істейтін тұлғалар
тайғанамайтын табанымен қорғаныс аяқ киімін пайдалануы тиіс.
ҚОЛҒАП: Тазарту және техникалық қызмет көрсету кезінде тиісті қолғапты пайдалану қажет. Газ тәрізді тоңазытқыш
агентті құйған кезде үсу тәуекелін болдырмау үшін тиісті қолғапты пайдалану керек.
БЕТПЕРДЕ МЕН КӨЗІЛДІРІК: Тазарту мен техникалық қызмет көрсету кезінде тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған
бетперделер мен қорғаныс көзілдірігін пайдалану қажет.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыдан қауіпсіздік белгілерін алуға қатаң түрде тыйым салынады.
3.ОРНАТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кез-келген операцияның алдында қуат көзінен ажыратыңыз.
Су сорғысы бар резервуарды ауыстыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
••3.1. Бақты алып тастаңыз (A СУР. 1).
••3.2. Инфрақызыл ауыстырып-қосқышты ажыратыңыз (B СУР. 2).
••3.3. Металлды тілімшені алып тастаңыз (C СУР. 3).
••3.4. Сорғыны бөлікке салыңыз (D СУР. 4).
••3.5. Сорғыны кронштейнмен және сорғы бұрандаларымен тіреу тақтасына бекітіңіз (E СУР. 5).
••3.6. Төменгі кронштейнді, конденсатқа арналған құбыршек кронштейнін және конденсат құбыршегін құрылғыға бекітіңіз
(F-G СУР. 6).
ЕСКЕРТПЕ: DH 792 сорғыны құбыршектің көмегімен тікелей құрылғыға қосу керек (F СУР. 6).
••3.7. Содан кейін ағызу түтігін сорғының суын ағызу құбырына салыңыз да, байлау белдігмен мықтап бекітіңіз (H СУР. 7).
••3.8. Біріктіру кабельдерді тиісті розеткаларға салыңыз (I СУР. 8).
4.ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ
Орнатуды аяқтағаннан кейін су бағының есікшесін жабыңыз, кейін ағызғыш құбыршекті орнатқаннан кейін құрылғыны
іске қосыңыз. Енді ешқандай қосымша теңшелімдер қажет емес.
5.ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Осы су сорғысының жиынтығы арнайы қызмет көрсетуді талап етпейді. Су бағының жиынтығын келесі пайдалануға
дейін сенімді жерде сақтаңыз.