Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе
u
басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара
дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына
апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы
дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз
мүмкін.
Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер
u
дайындама қисайтылған немесе
деформацияланған болса, оны сыртқы
қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз.
Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және
үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз.
Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап,
жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы
мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде
денелер болмауы тис.
Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос
u
болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар
немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар
айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз.
u
Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс
қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы
немесе жылжуы мүмкін.
Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс,
u
тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе
орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және
тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап
кету қауіпін кемітеді.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу
u
бұрышының параметрін өзгерткеніңізде,
реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс
реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне
тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын
және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін
бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі
болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел
u
кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші
аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз
етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін.
Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса,
ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған
дискімен лақтырылуы мүмкін.
Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына
u
басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты
бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу
кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған
дискіге жақындатуы мүмкін.
Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып
u
тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген
болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген
бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
u
материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе
Bosch Power Tools
бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен
соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп
дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы
мүмкін.
Дайындамаға тиюден алдын дискі толық
u
жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама
лақтырылу қауіпін кемітеді.
Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса,
u
бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған
бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат
көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын
шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды
шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде
аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы
жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін.
Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара
u
басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар
алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып
тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті
u
жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі
күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау
әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып
жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін.
Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары
u
өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау
дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге,
артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға
әкелуі мүмкін.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және
u
өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз.
Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер
теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді.
Орнатылған лазерді басқа түрдегі лазерге
u
алмастырмаңыз. Осы электр құралына сай болмаған
лазер адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын,
u
ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан
алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
u
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
Электр құралы ескерту тақтасымен жабдықталған
u
(электр құралының суретінде графика бетінде
белгіленген).
Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде
u
болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның
орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы
жабыстрыңыз.
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
u
болсын.
Қазақ | 213
1 609 92A 4M8 | (04.12.2018)