Тазалау Және Техникалық Қызмет Көрсету - Bosch Sensixx’x DA50 Instrucciones De Uso

Ocultar thumbs Ver también para Sensixx’x DA50:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 60
Тазалау және техникалық
қызмет көрсету
Жайылатын жақтарын көру
E
Назар аударыңыз! Күйіп қалу қаупі
бар!
Кез келген тазалау және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуден бұрын құрылғының
ашалы айырын ұяшықтан
шығарыңыз.
1. Үтік аздап кірлеп қалған болса, ашалы
айырын ұяшықтан шығарыңыз және
табанының (7) сууына мүмкіндік беріңіз.
Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
2. Мата синтетикалық болса, ол үтік
табанының жоғары температурасының
әсерінен еріп кетуі мүмкін. Мұндай
жағдайда буды өшіріп, кез келген қалдықты
дереу қалың бүктелген, құрғақ мақта
матамен сүртіңіз.
3. Үтік табаның тегіс, жылтыр күйде сақтау
үшін, қатты металл заттармен жанасуын
болдырмаңыз. Үтіктің табанын тазалау
үшін ешқашан да ыдыс жууға арналған
қатты ысқыштар мен химиялық заттарды
пайдаланбаңыз.
Қақты тазалаудың көп
функциялы жүйесі
AntiCalc
Жайылатын жақтарын көру
A
self-clean
Бу реттеігішін (3) пайдаланған кезде,
"өздігінен тазалау" жүйесі қақтардың бөліну
механизмін тазалайды.
B
Calc'nClean
"Calc'nClean" функциясы бу түзілу
камерасындағы ұсақ қақ бөліктерін жоюға
көмектеседі. Сіздің аймақтағы су өте кермек
болған жағдайда, бұл қызметті 2 аптада бір рет
қолданған жөн.
1 Үтікті желілер ұяшығынан ажыратыңыз, бу
реттегішін (3) күйіне орнатыңыз және су
багын (11) сумен толтырыңыз.
2 Температура реттегішін (12) "max" күйге
орнатыңыз және үтіктің ашалы айырын
розеткаға қосыңыз.
124
B O SC H
3 Қажетті қыздыру уақытынан кейін шам
өшеді. Содан кейін, үтіктің ашалы айырын
розеткадан ажыратыңыз (өте маңызды!).
4 Бу реттегішін "max" күйге орнатыңыз.
5 Үтікті бақалшықтың үстінде ұстап тұрыңыз.
"clean" (тазалау) түймесін (10) басыңыз
және қойманың су сыйымдылығының
шамамен үштен бір бөлігі буға
айналмағанша үтікті сілкіңіз. Қақ пен
түзілістердің қалдығын кетіріп, үтіктің
табанынан қайнақ су ағып, бу шыға
бастайды.
6 "clean" (тазалау) түймесін босатыңыз және
үтікті бірнеше секунд ақырын сілкіңіз.
7 Бак босамағанша 4 және 5 қадамдарды
қайталаңыз.
8 Сосын үтікті желіге қосып, қалған су
толығымен буға айналмағанша қайта
қыздырыңыз.
Қақпақшаны тазалау үшін "clean" түймесін
тағы да бірнеше рет басыңыз.
9 Үтікті розеткадан ажыратып, табанын (7)
суытыңыз. Үтіктің табанын тек дымқыл
мақта матамен сүртіңіз.
C
Қақты кетіруге арналған сұйықтығы
бар "Calc'nClean" функциясы
Қақты сапалы түрде кетіру үшін Bosch
компаниясымен арнайы дайындалған қақты
кетіру сұйықтығын пайдалану ұсынылады.
Бұл процедураны әрбір 3 ай сайын орындау
қажет.
1. Су багын (11) қақты кетіруге арналған
сұйықтықтың (17*) мөлшерімен (25 мл)
араластырылған құбыр суымен толтырыңыз.
2. Содан кейін, жоғарыдағы "Calc'nClean"
(2 - 7 қадамдар) бөлімінде сипатталған
процедураны орындаңыз.
Қақты жоюға арналған сұйықтықты біздің
кепілді қызмет көрсету орталығымыздан
немесе мамандандырылған дүкендерден
сатып алуға болады:
Қосымша құралдың атауы: TDZ1101
D
anti-calc
"anti-calc" картриджі үтігіңіздің пайдалы
қызмет көрсету мерзімін арттыра отырып,
бумен үтіктеу барысында пайда болатын
қақтың жиналуын азайту үшін арналған.
Алайда "anti-calc" картриджі уақыт өте
түзілетін барлық қақты толық кетіре алмайды.
* Үлгісіне байланысты

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Sensixx'x tda5024210 sensorsecure

Tabla de contenido