Пайдалы Кеңестер - Moulinex FRUTELIA PLUS BLACK 350 W Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 8
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
• Сүйектерін тазалау алдында жемістерді мұқият жуыңыз.
• Әдетте, қабығын аршудың қажеті жоқ. Цитрус немесе ананас тектес қабығы қалың
әрі ащы жемістерді ғана аршу керек (өзегін алып тастаңыз).
• Қауын, банан, авокадо, бүлдірген, інжір, кәді немесе қойбүлдіргендерден шырын
алу қиын болып келеді.
• Шырын сығатын құралды қантты мұз текшелер және тым қатты немесе талшықты
жеміс үшін пайдаланбаған дұрыс.
• Балғын және піскен жемістер мен көкөністерді таңдаңыз: олар көбірек шырын
береді. Бұл құрылғы алма, алмұрт, апельсин, анар, ананас және т.б. жемістерге
және сәбіз, қияр, қызанақ, қызылша және балдыркөк сияқты көкөністерге арналған.
• Пісіп кеткен жемістерді пайдалану кезінде елек (D) тез бітеледі.
МАҢЫЗДЫ:
Сығылған шырынды бірден ішкен жөн. Ауамен әрекеттесу кезінде ол тез
қышқылданады, ол оның дәмінде, түсінде және қоректілік құндылығында көрініс
табуы мүмкін. Алма және алмұрт шырыны қоңыр түске тез ие болады. Бұл процесті
баяулату үшін шырынға бірнеше тамшы лимон шырынын қосыңыз
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Құралдың барлық алынбалы бөліктерін (A, B, C, D, F, G) ыдыс жуатын машинада
жууға болады. Оларды сондай-ақ жылы ыдыс жууға арналған сабынды сумен де
жууға болады. Қатты қабаты бар ысқышты қолданбаңыз.
Тазалау оңай болу үшін құрал бөлшектерін пайдаланып болғаннан кейін
бірден суға салып қойып, содан соң толық жуып шығу керек.
Құралды тазалау үшін қатты қабаты бар заттарды, ацетонды, спирт және т.б.
қолданбаңыз.
• Елекпен (D) жұмыс кезінде мұқият болыңыз. Електің дұрыс емес қолданылуына
жол бермеңіз, бұл оның жұмыс сипаттамасына әсер етуі мүмкін. Електің тозуының
немесе зақымдануының алғашқы белгілері кезінде оны алмастырған жөн.
• Мотор блогын дымқыл матамен тазалаңыз.
54

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ju370810

Tabla de contenido