PTA02
Үйдегі үш өлшемді теледидардың қызықты
әлеміне қош келдіңіз!
Орнату
Қораптың құрамы
- 2x Active 3D көзілдіріктері
- 2x ұсақ талшықты дорба
- әр көзілдірікке арналған 3 мұрын қыры
- 3D таратқыш
- теледидар бағдарламалық құралдың
жаңартуы бар USB құрылғысы
3D көзілдірікті дайындау
1 Ішіндегі батареяны жұмысқа қосу үшін,
пластик таспаны тартып, алып тастаңыз немесе
3D көзілдіріктің шағын батарея қақпағын ашып,
CR2032 батарея түрін салыңыз.
2 Өзіңізге ыңғайлы мұрын қырын көзілдірікке
орнатыңыз.
56
292892_Brochure_3D.indd 56
Орнату
1 Теледидарды өшіріңіз.
2 3D таратқышты теледидардың артқы
жағындағы 3D сигналдың 3D шығысы ұясына
қосыңыз.
3 3D таратқышты теледидардың жоғарғы
немесе төменгі жағында орнатыңыз.
Таратқыштың теледидарды көру жеріне тура
бағытталғанын тексеріңіз.
Көзілдіріктің ортасындағы шағын терезе
таратқыштан үш өлшемді сигналдарды
қабылдайды.
Теледидардың бағдарламалық құралын
жаңарту
Теледидарды үш өлшемді көруге дайындау
үшін, теледидардың бағдарламалық құралын
жаңарту керек.
1 Теледидарды қосыңыз.
2 USB құрылғысын теледидардың бүйіріндегі
USB ұясына жалғаңыз.
USB
3 Бағдарламалық құралды жаңарту автоматты
түрде басталады және жаңарту кезінде
теледидар өшіп, қосылуы мүмкін. Қашықтан
басқару құралында ешбір түймені баспаңыз
және Operation Successful («Орындалды»)
хабары көрсетілгенше күтіңіз.
4 USB құрылғысын ажыратып, теледидарды
өшіріп, қосыңыз.
Теледидар үш өлшемді бейнені көруге дайын.
31-05-2010 18:57:34