Үш өлшемді бейнені көру
Үш өлшемді дискіні немесе бағдарламаны
таңдаңыз
3D фильмін немесе бағдарламасын көру үшін,
3D фильмін 3D Blu-ray дискі ойнатқышына
салыңыз немесе 3D бағдарламаларын
тарататын ТВ арнасын табыңыз.
h (Негізгі экран) түймесін басып, 3D
Blu-ray дискі ойнатқышын таңдаңыз
немесе Теледидар көру параметрін таңдап,
теледидар арнасын табыңыз.
Үш өлшемді бейнені қосу
Үш өлшемді бейне болғанда, теледидар хабар
береді. Үш өлшемді бейнені көру үшін, Бастау
3D тармағын таңдағанда, 3D көзілдірік кию
керек. Көзілдіріктің 3D таратқыштан келетін
үш өлшемді сигналға лайықталуына бірнеше
секунд қажет.
Үш өлшемді таратылым экранда қос бейне
ретінде көрсетілсе, 3D бейнені түзету үшін
қос бейненің түрін таңдаңыз. s (Реттеу)
пәрменін таңдап, 3D пішімін таңдаңыз және
қос бейненің позицияларына сай Қоян-қолтық
(«Side by side») немесе Жoғары/төмен («Top/
bottom») параметрін таңдаңыз.
3D бейнені тоқтату
3D бейнені тоқтату қажет болса, s (Реттеу)
пәрменін таңдап, 2D-3D мәзірінде 2D
тармағын таңдаңыз. Бұл мәзір элементі 3D
сигналдар бар болғанда ғана көрсетіледі.
Таратқыштан 3D сигнал берілмесе, 3D
көзілдірік 5 секундтан кейін автоматты түрде
өшеді.
Төмен батарея заряды
3D бейне қосылғанда линзалар 2 секунд
жыпықтаса, көзілдіріктің батарея заряды бітуге
жақын. Келесі фильмді немесе бағдарламаны
көрмес бұрын оларды ауыстырыңыз.
292892_Brochure_3D.indd 57
3D бейнелерін оңтайлы
түрде қарау
3D бейнелерін оңтайлы түрде қарау үшін
мыналар ұсынылады:
• теледидардан кемінде теледидар биіктігінен
үш есе артық болатын қашықтықта, бірақ 6
метрден аспай отырыңыз.
• құралды флюоресцентті жарықтан (мысалы,
төмен жиілікте жұмыс істейтін өте жарық
сәуле немесе кейбір қуат үнемдейтін жарық
шамдары) және тікелей күн сәулесінен
сақтаңыз, өйткені олар 3D бейнесін көруге
кедергі жасауы мүмкін.
Денсаулыққа қатысты ескерту
• Өзіңіз немесе жанұяңыз эпилепсия немесе
жарық сезгіштік талмасына шалдыққан
болсаңыз, жыпылықтайтын жарық көздеріне,
тез ауысатын суреттерге немесе үш өлшемді
бейнені көруге шығар алдында, дәрігерге
қаралыңыз
• Бастың айналуы, бас ауруы немесе
бағытынан адасу сияқты ыңғайсыздықты
болдырмау үшін, 3D бейнесін ұзақ уақыт
бойы көрмеген дұрыс. Кез келген жайсыздық
сезілген жағдайда, 3D бейнесін көруді
тоқтатып, симптомдар жоғалғанша, ықтимал
қауіпті ешбір іс-әрекетке бірден қатыспаңыз
(мысалы, көлік жүргізу). Симптомдар
жоғалмаса, алдымен дәрігерге қаралмастан,
3D бейнелерін көруді жалғастырмаңыз.
• Ата-аналар үш өлшемді бейнені көру кезінде
балаларын бақылауы керек және олардың
жоғарыда аталған жайсыздыққа ұшырамауын
қамтамасыз етуі керек. 3D бейнесін көру 6
жастан кіші балаларға ұсынылмайды, өйткені
олардың көру жүйесі әлі толық жетілмеген.
• 3D көзілдірікті үш өлшемді теледидарды
көруден басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
• ШАШАЛУ ҚАУПІ - 3 жастан кіші
балалардың 3D көзілдірікпен ойнауына жол
бермеңіз, олар батарея қақпағын немесе
батареяны жұтып, шашалуы мүмкін.
Көзілдірікті күту
• 3D көзілдірікті күн сәулесі тікелей түспейтін,
ыстық, от немесе ылғалды болмаған жерде
сақтаңыз. Бұл өнім дұрыс істемеуіне немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін.
• 3D көзілдіріктің линзаларын түсіріп алмаңыз,
майыстырмаңыз немесе күш қолданбаңыз.
• Линзаларға сызат түсірмеу үшін таза, жұмсақ
шүберек (ұсақ талшықты немесе мақта
шүберек) пайдаланыңыз. Тазалағыш затты
ешқашан 3D көзілдірікке тікелей бүркемеңіз.
Бұл электроникаға зақым тигізуі мүмкін.
• Спирт, еріткіш, беттік белсенді құрал,
парафин, бензин, масалардан қорғау құралы
немесе майлайтын құрал бар тазалайтын
химиялық құралдарды пайдаланбаңыз. Бұл
химиялық құралдар түстің бұзылуына немесе
жарықтардың пайда болуына апаруы мүмкін.
Техникалық сипаттар
3D жүйесі: Active 3D көзілдіріктері
Батарея түрі: CR2032
Тарату жүйесі: инфрақызыл
Ең ұзақ сигнал қашықтығы: 6м
Жұмыс температурасы: 5 - 40°C
Қосымша Active 3D көзілдірігі (Philips PTA03)
бөлек сатылады.
57
31-05-2010 18:57:35